Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Тәрбие процесі

 

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25 тармақшасына сәйкес, білім беру ұйымындағы оқу әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында төмендегідей әдістемелік бірлестіктер жұмыс істейді.

1. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі
2. Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі 
3. Шет тілдер әдістемелік бірлестігі
4. Математика, физика, информатика пәні бірлестігі
5. Жаратылыстану бірлестігі
6. Қоғамдық пәндер бірлестігі
7. Өнер әдістемелік бірлестігі
8. Өзін-өзі тану әдістемелік бірлестігі
9. Дене тәрбиесі бірлестігі
10. Бастауыш сыныптар бірлестігі
11. Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі

  
     Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Астана қаласының Білім Басқармасы» ММ- нің 11.04.11 жылғы №280 бұйрығы негізінде, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық жұмыстарын уақытында және жүйелі ұйымдастыру үшін  үйлестіру кеңесі құрылған.

1. Конкабаев О.Ж. - мектеп-гимназия директоры;
2. Жаназарова З.Ю. - директордың ғылыми-әдістемелік ісі орынбасары;
3. Тілеген А.Б. - директордың тәрбие ісі орынбасары;
4. Омарова Ш.С. - психолог;
5. Курманова С.У. - математика пәні мұғалімі;
6. Тұрдәлі Г.Ж. - орыс тілі мұғалімі;
7. Алтынбекова Н.Ж. - ата-аналар комитетінің өкілі.

    

2013 - 2014 оқу жылынан бастап  мектеп-гимназияның  оқу-тәрбие үрдісі БжС технологиясы  негізінде ұйымдастырылды.

Федор ВАССЕРМАН

Б ж С технологиясының сегіз негізгі ұстанымы және сапа көрсеткіштері

  1. Тұтынушыға бағдарлану. Бүкіл дүние жүзінде барлық өндірушілерден тауардың және қызмет көрсетудің сапасын сатып алушылар талап етеді. Мектептегі негізгі тұтынушы - балалар. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығы – бұл сапаның бірінші көрсеткіші.
  2. Басқарушылардың көшбасшылығы (лидерство). Сапа 98% басқаруға байланысты. Сапа барлық жерде басшының тілегі мен жігеріне байланысты. Мектеп директоры барлық уақытта сөзсіз сапаны алға жылжытудың көшбасшысы болуы керек. Бұл сапаның екінші көрсеткіші.
  3. Барлық деңгейдегі үрдіске қатысушыларды тарту. Жапондықтар сапа деңгейінің таңқаларлық деңгейіне жеткен: олар сапа үйірмелерін құрған, жұмысшыларды қызықтырған және керемет нәтижеге жеткен. Білім беруде ынтымақтасу педагогикасы кеңінен белгілі. Білім беру сапасы оқушылардың белсенді қолдауы болмаса мүмкін емес. Бұл БжС технологиясының негізгі ұстанымы. Бұл сапаның үшінші көрсеткіші.
  4. Ұстанымдық амал. Барлық үрдістердің алгоритмі егжей-тегжейіне дейін жазылуы керек. Бұл мектептегі оқытудың сапасын ҰБТ бойынша ғана емес, әр оқушының оқу мерзімі бойынша көрсеткен табыстарына қарай анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сапаның төртінші көрсеткіші.
  5. Жүйелі тіл табысу. Барлық негізгі үрдістер: басқару, оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірыңғай жүйеде келісіп, қызмет ету керек. Бұл сапаның бесінші көрсеткіші.
  6. Үнемі жақсартып отыру - сапа менеджментінің өзгермейтін мақсаты. Сапа философиясы: «Сапа үшін күреспейді, оны жақсартады». Үрдістік және жүйелі амалдар сапаның олқылықтарын табуға оларды жоюға мүмкіндік береді. Бұл сапаның алтыншы көрсеткіші.
  7. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау. Сапаны басқару төмендегі жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. «Өлшенетіндердің барлығы басқарылады». Технологияда білім беруде аналогы жоқ үрдістер мен жүйелердің жағдайы туралы фактілерге сүйенген мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін өлшегіштер әзірленген. Үрдісте алынған фактілер жүйені жақсартуға көмектеседі. Бұл сапаның жетінші көрсеткіші.

Білім берудегі қызмет көрсету сапасына қатысты қызығушылық білдіретін адамдармен тиімді қатынастар. Сапаға қызығушылық танытатын адамдар қолдап, түсіністік білдірмесе, мектепті жаңарту мүмкін емес, олар: ата - аналар, ЖОО, жұмыс берушілер, БАҚ (СМИ) және жалпы қоғам. Бұл сапаның сегізінші көрсеткіші.