Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

БжС технологиясы бойынша Мектеп президентін сайлау

  Президент күні қарсаңында «Оқушылардың өзін–өзі басқару ұйымының» жаңа президентін сайлауы өтті. БжС технологиясы бойынша мектеп президентін көшбасшылар кеңесі сайлайды. Сайлауға үміткер оқушылар: көшбасшылар, министрлер, заң шығарушылар, жаттықтырушылар, координаторлар және олар 9-10 сынып оқушылары. Алдын–ала президенттікке үміткер оқушылар өздерінің бағдарламасын ұсынды. Мектеп әкімшілігі президенттікке ұсынылған оқушыларға  мінездеме беріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын жасады. Дегенмен соңғы шешім оқушыларға қалдырылды. Сайлау мектеп дәлізінде өтті.
  Сайлауға қатысқан оқушылар легі жоғары болды.  Қорытындысын анықтау үшін көшбасшылар кеңесі мен өзін – өзі басқару ұйымы қатысты. Нәтижесінде 10 «Ә» сынып оқушысы Ержанова Дана ең жоғарғы дауысқа ие болып,  мектеп президенті болып сайланды. Кеңес мүшелері президент дублерлерін тағайындап, кадрлық резерв құрды. Дублерлар әр параллелден 5-11 сыныптардан байқау негізінде таңдалды. Әрбір дублер өзінің параллелін бақылайды, президент жауапты мәселелерді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәселелер бойынша көшбасшылар кеңесінің толық құқықты өкілі болып келеді.









04.12

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1