Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы!

  30 қараша күні балалар мен жасөспірімдерді ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі өмір жолымен таныстыру, ұлт мақтанышы болып табылатын тұлғаның ерін елі үшін атқарған кемеңгер істерінің тарихи маңыздылығына тоқталу мақсатында ұйымдастырылған патриоттық акцияның ашылуы өткізілді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Х.И.Адамова оқушылар мен ұстаздарды  Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Кемеңгер Елбасының болашақ жастарға үміт артып, игі істер жасап жатқанын айта кетті. Сонымен қоса дәстүр бойынша  қалалық семинарда белсенділік танытқан ұстаздарды марапаттады.Мектеп жұлдыздары Мұратбек Ақкиік «Қазақ елі», Әшірхан Алмас «Мен қазақтың баласымын», Өмірбек Аружан «Бабалардың ізін көремін» әндерін шырқап, көпшіліктің жүрегінен орын алды. Патриоттық акция аясында өткізілетін іс –шаралар жоспарымен  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Жупкалиева таныстырды. Өткізілетін іс-шаралар: көрмелер; сынып сағаттары; қолөнер сайысы; шығармалар сайысы; жас ақындар сайысы; жобалар сайысы; дебаттар; экскурсиялар; сурет конкурсы; спорттықсайыстар. Сөз соңында белсенділік танытып, атсалысқан оқушылар мен ұстаздар марапаттауға ие болатынын жариялады.













30.11

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1