Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлескен «Lesson study» атты семинар

2015 жылдың  қазан айының   22-23-де Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлескен  «Lesson study»  зерттеу жұмыстарын сабақ барысында қолдану жолдары және оны  іске асыр» атты семинар өтті.  Бұл семинардың мақсаты: «Lesson Study»әдісін оқу үдерісіне енгізу барысында пилоттық мектеп мұғалімдеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Семинардың бірінші күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мектеп мұғалімдеріне «Lesson Study» жобасының әдістер - тәсілдерін теориялық тұрғыдан түсіндіріп, шебер-сыныптар көрсетті. 
Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Р.С.Жайырбаева  «Lesson Study» әдісі туралы толық мағұлымат беріп, олардың қажеттілігі мен келешекте дамуы туралыбаяндады. Әдістер бойынша дайындалған әр топ  жасаған баяндамаларын қызықты да құнды  презентациялар арқылы жүзеге асырып отырды. Семинар барысында мұғалімдерге  «Lesson Study» жобасының  4 әдісін  үйретті:

-«Сase Student method» /Үш оқушыны қадағалау әдісі/

- «Seating maption method» / оқушылардың өз ара қарым-қатынасын қадағалау әдісі/

-«Transcriptionmethod» / сабақ бойыоқушы мен мұғалімнің  айтқан сөздерін қадағалау әдісі/

-«Time sequential method» /хронологиялық әдісі/

Семинардың екінші күні мектептің тарих пәні мұғалімдері: Бейсалиева А.Б., Кусаинова А.А.  сабақтарында осы әдістерді тәжірибелік деңгейде үйретті. Мұғалімдер 4 топқа бөлініп әр әдіс бойынша сабақты зерттеу арқылы, семинардың теориялық бөлігін жүзеге асырды. Lesson Studу-зерделеу әдісі мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылмақшы.













24.11

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1