Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

2015 жылдың қараша айының 12 жұлдызында Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастамасымен мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кең ауқымды кездесу өтті.

2015 жылдың қараша айының 12 жұлдызында Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастамасымен мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кең ауқымды кездесу өтті. Дәріс оқыған Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Тоқсарин Қуаныш Қадырұлы. Кездесу барысында жоспарланған негізгі үш тақырып қамтылды:

  1. Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдайлар қызметі атқаратын жұмысының ерекшеліктері мен мамандық таңдаудағы артықшылықтары мен болашақ қызметкердің даму перспективалары.
  2. Телефон арқылы «террорлық акт» жасалуы туралы жалған ақпарат беру жағдайында азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігі мен оларға артылатын жаза түрлері.
  3. Жастардың теріс ағымдағы діни-экстремистік топтар қатарына тартылуы, аталған топтардың атқарар ісінің қоғам үшін кесел әкелетіні және Қазақстан Республикасында насихат жүргізулеріне тыйым салынған діни топтар туралы ақпарат.

 Әңгіме барысында жоғарғы сынып оқушылары мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар институтына оқуға баратын талапкерлерге берілетін жеңілдіктер мен оқуға түсуге қажетті ережелер мен талаптар туралы сұрақтарға толыққанды жауап алды. Күнделікті жағдайда қоғамдық орындарда белгісіз оқшау тұрған заттарды аңғарғанда қандай іс-қимылдар жасау керектігі туралы мәлімет алды. Және де жастардың теріс ағымдағы діни-экстремистік топтар қатарына тартылуы амалдарының қалай жүргізілетіне, кімнен және неден сақтану керектігі туралы сұрақтарына жауап алды.






13.11

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1