Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«XI Ұлттық Дельфий ойындары» жеңіс сыйлады

  Астана қаласында Республика деңгейінде «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған XI Ұлттық Дельфий ойындары» өткізілді. Жарысқа екі номинация бағытында  оқушылар қатыстырылды. «Ұлттық көркем өнер және қолөнер» номинациясы бойынша жетекші №69 мектеп-гимназияның технология пәні мұғалімі Туленова Аяулым Бейбітқызы, «Халықтық ән айту» номинациясы бойынша жетекші музыка пәні мұғалімі Мұсабек Мираш.
  Ойынға қатысушы үміткерлеріміз – Дельфийлік ойындарының жеңімпаздары атанды. А.Б.Туленованың  дайындаған шәкірттері Бексұлтанова Айым, Бұдабайқызы Назым, Ізбасарова Алима қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, 8 «Г» сынып оқушысы Бексұлтанова Айым ІІ орын яғни күміс медаль иегері атанды. Мұсабек Мираш үкілеген 5 «В» сынып оқушысы Үзбен Ахмет дипломмен марапатталды.
  Жеңіспен оралған жеңімпаз оқушыларымыз бен ұстаздарымызды мектеп әкімшілігі қуанышпен қарсы алды. Жеңістің жемісін берген оқушыларымызға  саптық жиында құттықтау мен мадақтаулар айтылса, шәкірттерінен еңбегін аямаған ұстаздарымызға әкімшілік атынан сыйақы берілді.







26.10

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1