Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Өмірдің мәні

2015 жылы қазан айының  17 күні жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу мақсатында мектеп психологы  Ш.С.Омарова әңгіме-сұхбат, психологиялық тренинг өткізді. 8-11 сыныптар арасында өткізілген іс-шара оқушылардың  ойын ашық айтуға және көкейде жүрген сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік туғызды. С.Ш. Омарова әңгіме барысында оқушыларға мәнді өмір сүру үшін алдымен мақсат қоя білудің, дұрыс армандаудың жолдарын және уақытша болатын қиындықтарға мойымай, оларды шешудің  жолдарын ұсынды. «Мүмкіншілігі шектеулі жандардың өмірге құштарлығы» атты бейнероликті оқушыларға көрсету арқылы күрмеуге келмейтін жіптей қысқа өмірде адам армандарының болашаққа жетелейтіні жайында үлкен ой салды. Соңында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Оң жағым мен сол жағым» атты тренинг өткізді. Оқушыларға қызықты да әрі әсерлі болды.



19.10

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1