Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Толағай» отбасылық сайысы

18 қыркүйек күні №69 мектеп-гимназиясында 6 сыныптар арасында «Отбасы күні» мерекесіне орай спорттық жарыс өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шараға жанұялық «Барыс», «Жүйріктер», «Сильная семья», «Динамит», «Сұңқар» командалары қатыстырылды. Сайыс 8 кезеңнен  құралған. Барлық командалар «Баскетбол   добын  кедергілердің  арасымен  жүргізіп  өту», «Футбол  добын  аяқпенкедергілердің  арасымен  жүргізіп  өту», «Волейболдобын  екі аяқтың ортасына салып секіріп жүгіру», «Гимнастикалық таяқшадан секіру», «Баскетбол  торына  кезекпен  допты түсіру», «Арқан тарту», «Қаппен секіру», «Фейерверк» кезеңдері бойынша  сынға түсті. Ең үздік өнер көрсеткен командаларға әділ қазылар тарапынан әділ баға беріліп, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. І орын –  «Сильная семья» командасы; ІІ орын – «Сұңқар» командасы; ІІ орын - «Жүйріктер» командасы; ІІІ орын –«Динамит» командасы; ІІІ орын - «Барыс» командасы.









18.09

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1