Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Ұстаз - ұлы есім» атты мерекелік кеш

 2015 жылы қазан айының  3 күні «Ұстаздар күніне» арналған  «Ұстаз - ұлы есім» атты мерекелік бағдарламасы әзірленіп, мұғалімдерге  арналған қарсы алу салтанаты, өзін-өзі басқару күні, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Негізгі  мерекелік бағдарлама барысында мектеп директоры мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаздар арнайы грамоталармен марапатталды.
 Мерекелік кеште оқушылар ұстаздарына ән айтып, өлең жолдап, би биледі. Атап айтатын болсақ, ән айтқан оқушылар  Мұратбек Ақкиік, Мырзахметова  Айгерім, Айтбаева Асылайым, «Гәкку» би ансамблі де әр ұлттың би өнерін көрсетті. Ұлдар тобынан құралған оқушылар домбыра ансамблімен өнерлерін көрсетті. Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздармен ойын жүргізді. Ұйым мүшелері және 11-сынып оқушылары  осы күні мұғалімдердің орнына сабақ жүргізді. Мерекелік күнді өзін-өзі басқару ұйымы өте жоғары деңгейде өткізді.






























05.10

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1