Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тәрбие сағаты

2015 жылдың 11 қыркүйек күні №69 мектеп-гимназияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бірыңғай тәрбие сағаттары мен мектепішілік шаралар  өтті. 1-4, 5-6  сыныптарда «Қазақ хандығына 550 жыл» ашық тәрбие сағаттары, 7-8  сыныптарға «Тарих – ғасырлар куәсі»  сайысы ұйымдастырылып,  9-11 сыныптарға мектептің АКТ залында «Қазақ Хандығының құрылуы» атты конференциясы жүргізілді. Аталған шараларды мәнді де мазмұнды етіп ұйымдастырып өткізген тарих пәні мұғалімдері Дәулеева Г.Т., Тулегенова Ш.К., Кусаинова А.А. және Ахмет А.Ш. Мектебіміздің «Жас Өркен» театралдық тобы «Керей мен Жәнібек ханның кеңесі» атты тамаша көрінісімен көрермендерді тәнті етті.





12.09

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1