Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ» атты сыр-сұхбат кеші

Астана қаласы №69 мектеп – гимназиясының 3 тоқсан оқу маусымы тағлымды бастамамен басталды. Айта кетер болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мәлжанбай Азаматтың ұйымдастыруымен қаңтар айының 15 жұлдызы атақты ақын, фольклоршы, этнограф, ағартушы, терең парасатымен әулие атанған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары мен шешендік өнер туралы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Негимовпен кездесуге арналған «ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ» атты сыр-сұхбат кеші болып өтті. Кеш барысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары мен өмірбаяны оқушыларға кең көлемде баяндалып, қазақ даласындағы шешендік өнердің қыр мен сыры жайлы кеш қонағы ерекше ықыласпен айтып өтті. Мектеп оқушыларының Адам Жүсіптің қалай Мәшһүр Жүсіп атанғаны туралы және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының  атақты Абай атамызбен кездескені туралы көрінісі көрермендерді тәнті етті. Іс-шараның аяғына қарай кеш қонағына мектеп оқушылары өз көкейіндегі сұрақтарын қойып, алған әсерлерімен бөлісті. Барлық сұрақ қоюшыларға Сеік Негимов мырза өз ризашылығын білдіріп, өз қолтаңбасымен кітаптарын тарту етті.








19.01

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1