Меню KDT
МЕНЮ
 
«Бала Абай» таңдау курсы 2023-2024 оқу жылында К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясына эксперимент ретінде енгізілді.
Таңдау курсының мақсаты: Абай шығармаларын мектеп оқушыларына жан - жақты түсіндіріп, сабақ барысында практикамен түсіндіре отырып,тұлға қалыптастыру.
4Д сыныбы осы таңдау пәнін жылдың басынан оқып бастады. Бір айдың ішінде оқушылар Абайдың ата-тегі, дүниеге келуі, есімінің азан шақырылып қойылуы, әкесі Құнанбай тұлғасы, әжесі Зеренің мейірімі мен немере тәрбиесіндегі орны, анасы Ұлжанның сөзге шешендігі, анасының бала тәрбиесіндегі ықпалы туралы оқып танысуда. Сабақтың арасында ақынның әндерін де караокемен айтып, 2-3 әнін жаттап та үлгерді.
Бұл пән оқушылардың ақын өміріне қызығушылығын, көркем сөйлеумен, сыни тұрғысынан ойлауларын арттыруда.


https://www.instagram.com/reel/CySa_6uNtql/?igshid=M2MyMzgzODVlNw==









Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1