Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Оқушыларға  > Жарық жұлдыз

Жауқазын

 Әлбосын Таңнұр 9 "А" сынып оқушысы
Таңнұр былтырғы жылын толағай табыстармен аяқтады. Биылғы жылды да қуантарлық нәтижелермен бастап отыр. Оған дәлел биылғы Мағжан Жұмабаевтың жыр мүшәйрасында 1 орын, қалалық «Шаттық» байқауында алтын медаль, «Біз Махамбеттің ұрпағымыз» атты жыр мүшәйрасында 1 орын, «Жарқын болашақ» қалалық қазақ тілі олимпиадасында «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша 1 орын алып, республикалық кезеңінің иегері.


                  Отан

Алтай менен Атыраудың арасы,
Қасиетті Қазақия даласы.
Осы өлкенің дәмін татып су ішкен,
Сүйсін оны әр қазақтың баласы.

Отан деген отбасынан басталар,
Тәңір өзі қолдаған жан бақ табар.
Аналардың отан ана ұлысы,
Нағыз бақыт ұлтты сүю, асқақ ар.

Бабаларым түссе дағы айдауға,
Отан үшін шейт болған майданда.
Отан деген мөлдіреген тұнық көл,
Оны ешкімнің қақысы жоқ лайлауға.

Мақтанамыз отаным бар осындай,
Өзге елге өскен елміз бас ұрмай.
Арнамызды кәусәрімен толтырсын,
Шеттен құяр бал бұлақтар тосылмай.

Биіктерді бағындырып бірегей,
Отан барда атанбаймыз біз өгей.
Өз елімді өз қазағым билесін,
Қаңғып келген пана болмас шүрегей.

Аққу-қазы айдынымның жарасқан,
Қазағымның құдай оңдап бағы асқан.
Бұл заманда айтыңдаршы ағайын,
Асып туған ел бар ма екен алаштан.

Енді өзгермей Қазақстан картасы,
Тартылмасын Каспий,Арал,Балқашы.
Атамекен кіндік қаным тамған жер,
Алтыннан да қымбат маған әр тасы.

Ұлы отаным жүрек сен деп бұлқынсын,
Алтын бесік,  менің ата жұртымсың.
Жерұйық деп жүрген елден мың артық,
Сенің сортаң топырағың бір шымшым.


              Алтын
Жатыр едім төсегімде түн қара,
Бір қуанып өткен шаққа бір нала.
Есік алды тасыр-тұсыр болды да,
Есік ашып кіріп келді дәу қара.

Жерім жоқ ед батыр болып ерлеген,
Мен бір қорқақ ондай дәуді көрмеген.
Әншейінде шықпайтұғын тамшылап,
Маңдайымнан бұрқылдады тер деген.

Аты жөнің кім деп сауал бастады,
Көрмей тұрмын мен ол дәуден басқаны.
Түрі өте қорқынышты көрінді,
Тізесіне жетіп жалбыр шаштары.

Атымды айттым үнім шықпай ақырын,
Төніп келіп зәремді алды мақұрым.
Осы үйде бір алтын барын білемін,
Соны тез тап,  болса деді ақылың.

Сасып қалдым алтын несі тағы да,
Қара дәуің қас қылмақпа жаныма.
Білмеймін деп қалып едім, ақырды,
Күнде ұстап жүрсің ғой деп қолыңа.

Мынаны естіп қорқып кеттім дірілдеп,
Қара албасты қанымды ішсе кім білмек.
Әкесі оның сол алтыннан өлгендей,
Үйдің ішін ақтарып жүр дүмпілдеп.

Қайдағы алтын, алтын түгіл мыс та жоқ,
Сөйлер сөзім күмілжимін қысқа боп.
Шақша басым шарадай боп қиналдым,
Құдай-ау бұл өңім бе әлде түс пе деп.

Кедей едім көктиін жоқ мен деген,
Ал мынауың сен байсың деп көнбеген.
Ағатай-ау қайдан табам мен оны,
Өмірімде алтын ұстап көрмегем.

Деп қоймады алтын барын білемін,
Онда өзің тап дедім саған беремін.
Айтарымды айтып алып сол сәтте,
Дүрсіл қақты жұдырықтай жүрегім.

Ал балақай өзің айттың іздеймін,
Алтын таппай күдерімді үзбеймін.
Деді дағы дәу үйімді ақтарды,
Ал мен болсам ештемені сезбеймін.

Тіміскілеп айқара ашты құшағын,
Мені торлап алды үрей, құса-мұң.
Кітап сөрем жақты ақтарып әлгі дәу,
Алып шықты Шахановтың кітабын.

Ей, балақай деді дұрыс ұғып ал,
Алтын кітап айтатұғын сыры бар.
Бұлны жазған Мұхтар Шахан авторы,
Бұл алтыннан қымбат азық біліп ал.

Деді дағы есік жаққа беттеді,
Болды анық кітапты алып кетпегі.
Дәуім іздеп жүрген алтын осы екен,
Тауып бер деп қинағаны көп мені.

Хабардар боп сұмырайдың ойынан,
Кетпек болған тостым дәуді жолынан.
Қайратым мен қатар қозып намысым,
Жұлып алдым кітабімді қолынан.

Дәл сол сәтте ояндым да шаттандым,
Көрген түсті бүгін жыр ғып ақтардым.
Міне осылай арпалысып ағайын,
Албастыдан алтынымды ап қа


               Түсінбеймін 

Түсінбеймін бұл заманды мүлде мен,
Мен басқа бір әлемменен күн көрем.
Түсінбеймін түсінбеймін барлығын,
Мен сондада барлығына үлгерем.

Түсінбеймін мына заман жастарын,
Басқа қуаныш менде мүлде басқа мұң.
Ел қатарлы менде өмір сүргенмен,
Өзгелерге ұқсамайды жоспарым.

Түсінбеймін мына заман бастығын,
Кейде осы ма деп қалам қасқырың.
Пайдасы жоқ пара жейтіндерібар,
Намысы жоқ болсада көп астығың.

Түсінбеймін мына заман саудасын,
Әрең бағып жүргендер бар жан басын.
Арын сатып пұл тапқандар аз емес,
Бәрініңде иманы жоқ болғасын.

Түсінбеймін бұл заманды әсте мен,
Әл менікі басқа муза басқа өлең.
Менікіне ұқсайтындар аздап бар,
Мен оларды қасымдағы дос көрем.

Мен бір пенде елден артық емеспін,
Барлығымен қасымдағы тел өстім.
Тек қана мен әлеміме асығам,
Ол жақта жоқ алдамшы өмір елес күн.


 Ермұхамбет Ажар 10 «Ә» сынып оқушысы

                               Абай дана

Өшпес жолды салып өткен,
Өз өнерін ойға төккен.
Абай ата сен данасың,
Өнерлерін аққан көлмен тең.
Абай ата даңқын шыққан әр елде,
Абай баба мақтанамын әр жерде.
Өзің арғы дүниеде жүрсеңде,
Абай  баба жүрсің біздің жүректе.
Қазақтағы ғұламалардың бірісің,
Өнегеңмен өрбітіп сен өнгенсің.
Өз бойыңнан ғибырат алам талпыныс
Талапты туған ұлы Абай.
                   ***
Абайды құдай берген, қазақ үшін,
Ақымақ пен наданға сабақ үшін.
Ойын-сауық, күлкіге емес, талап үшін,
Ұрпаққа үлгі, өнерде қолдау үшін,
Не десе де түзу келіп, дөп басатын,
Жүректен орын тауып, нұр шашатын,
Өлең жазып, өнермен сырласатын,
Жаман менен жақсыны салыстырып,
Табиғат пен елге арнап, ән жазатын,
Абайдай асқан дана тумас енді –
Өнерге өшпес сиямен мөр басатын!
                    ***                             
Абай ата бір маған дем беретін,
Адам жоқ қазір сізге тең келетін.
Көңілім құлазыса егер менің,
Бір сіздің өлеңіңіз жүрегіме ем беретін.
Абай ата- тарихта ғұлама адам,
Өлеңі жоқ ешкімге ұнамаған.
Қиыннан құрастырып, сөз құраған,
Абай ата – әлемде бір – ақ адам.

 Қаражанова Крестина 9 «Ә» сынып оқушысы


Абайдың даңғылы бар Алматыда,
Абайдың жүрегі бар әрбір жанда,
Мен-дағы мақтанамын Абайыммен,
Мен-дағы шаттаннамын жаным барда.

Жас ұрпақ оқиды ғой өлеңіңді,
Әр сөзің нақыл сөз ғой тұжырымды.
Біз әрқашан жаттаймыз мол мұраңды,
Бұл ғаламда танылған Абайымды.

Абай мен Шәкәрімде үндестік бар,
Көп ақын көңіліне оны сақтар.
“Ғылым жолы – әділ жол” деген сөзді
Ұғатын бүгінде ұрпақтар  бар.
                  ***
Ұлы ақыны сары жайлау даламның,
Неткен ғажап бойыңдағы талабың!
Әр қалдырған өлеңіңнен ұғамын,
Жанаңдағы ой-өнеге алауын!

Дәл өзіңдей болуды мен қаладым,
Әр сөзіңнен мол тәрбие аламын.
Жақсылықтың таза жолын қаладың,
Қара сөзбен бар ойыңды ауладың.

Әрбір ісін мен оның, мақтан тұтам,
Надандыққа жол бермелі Абай атам.
Ақыл мен білімге берген қадам,
Есімінің жалыны өшпес өшпес адам! 

Нұғман Гүлмарал  9 «Б» сынып оқушысы

                           Тәуелсіздік ұраны

Тәуелсіз ел ұланымыз,
Бейбітшілік ұранымыз.
Желбіреген көк туменен,
Қалықтайды қыранымыз!

Тәуелсіздік -  ел тірегі,
Орындалды көп тілегі.
Қазақстан Елбасымен,
Егемен ел болды енді!

                           Тәуелсіздік алаңы

Тәубесіне келе алмаған жұрттар бар,
Тәуелсіз шақ ауыртпаған бастарын.
Сол бір күннің суығынан бұққандар,
Сөйлеп кетті көзге шұқып аспанын.

Өзгермеген сол бір қала, паң дала,
Тек заманның жыры бөлек, сыры жат.
Тек қзгелермен шекпен киген сол ғана,
Мінсіз қалпы мекірейген мініп ат...

 Өткен күнге қкпе артуға бола ма?
Жеңіс дәйім оңай келмес халыққа.
Қз қолымен бұйрық жазған сол аға,
Талай жанды аттандырған тамұққа.


Теміртасов Абзал 8 "Ә" сынып оқушысы

                    Қыран ақын
            (Мұқағали Мақатаевқа)

Асылдардың артында із қалады,
Ақындардың артында  жыр қалады.
Мұқағали деген де еске түсер,
Хантәңірдің ақиық мұзбалағы.

Қасиеттен құрсағы құрғамаған,
Біздің қазақ кенде емес тұлғалардан.
Мұқағали қырандар жұмыртқалар,
Азынаған ақпан да туған адам.

Бала кезден соғыстың зарын көрген,
Ерте есейіп ащшы өмір зарын көрген.
Әкесінің орындап аманатын,
Қыран болды қанатын дарын керген.

Менде өзімше өлеңге талаптанам,
Қиын емес оқу мен сабақ маған.
Өйткені мен ақындық әлемінде,
Мұқаңдай болғым келед қанатты адам.

Мұқағали жырлаған туған күнін,
Ақиқатқа ат басын бұрған күнін.
Мұқаң айтқан менің де үш бақытым:
Халқым менен отаным, туған тілім.

Менде елімді Мұқаңша сүйіп өтем,
Суға түсіп, отына күйіп өтем.
Мұқағали жырынан оқып білдім,
Ұлтты сүю бәрінен биік екен.

Мұқағали әуен ғой қалықтаған,
Оны еш пенде естуден жалықпаған.
Кей-кейде жасып қалған шақтарымда,
Ақынның жырын оқып шабыттанам.

Жалынды жыр жаза алсам, мәнді өлең,
Онда менің талабым жанды дер ем.
Ақын болам дейтұғын жас балалар,
Мұқаңды оқып таниық алдыменен.

Ақынның жеңіл емес ауыр сыны,
Төзеді оған болса жаның сірі.
Арманым жоқ Мұқаңдай ақиықтың,
Жырдағы болсам жалғыз қауырсыны.

 Ибраева Толғанай 9 «Ә» сынып оқушысы

                                                    Менің сүйікті сынып жетекшім

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
                                      Ғ. Қайырбеков
    Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірлік энергияның қайнар көзі. Ұстаз – келешек үшін тырмысып, жан аямай күрескен, өз бойындағы пендешілігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз – өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне срап етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу десеңізші?! Сол періштелердің бірі қазір менің жүрегіме нық орын алған. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Жексенбина Арай Балтабекқызы. Ол ешкімге ұқсамайды еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін сынып жетекшімнің жүретін орны мен үшін қашан да ерекше.
  Мен №69 мектеп – гимназиясының 9 «Ә» сыныбында оқимын. Сыныбымызда 24 оқушы бар. 6 – ұл бала, 18 – қыз бала. Олардың бәрінің де сабақ үлгерімі жақсы, тәртіпті. Мектептік қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып отырады. Біздің осындай жетістіктерге жетуімізге сынып жетекшіміздің қосқан үлесі зор.
   Абай атамыз айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, Арай Балтабекқызы  бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Оның сабақ түсіндіруі мүлдем ерекше. Қай тақырыпты болмасын қызғылықты, әрі тартымды етіп өткізеді. Сондықтан, қазақ тілі пәнінен түсінбей қалған, не жаман баға алған оқушы болмайды.   Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп,білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін  ақылшы,бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.Біз,сіздің шәкірттеріңіз, қашанда сіздің үмітіңізді ақтауға, берген тәрбиеңізден таймауға тырысамыз!  Ұстаздық жолда талмай, шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз, менің сүйікті ұстазым-  Арай  Балтабекқызы.

 Құрманали Жазира 9 «Ә» сынып оқушысы

                                                               «Рахмет, анашым!»

   Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі – ана. Ана – өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке – жеке әдет – ғұрпымыз, жол – жоралғымыз бар. Халқымыз бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
   Әрбір ана сәбиінің дені сау, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы болып, үлгілі тәртібімізбен, өнердегі жетістігімізбен көзге түсуіміз керек. 
  Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан. 
  Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтімен дариды.
  Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан.
  Мына жарық дүниеге әкелгені үшін анамызға бас иеміз.
 «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылап айтқан ой десеңші... Шынында аналарсыз мына әлемді елестету мүмкін емес.
  Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың – нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы – бізді әлдилеп, жұбатады.
  Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ана, осы сөз адам жүрегінің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелері аян. Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, бізді мәпелеп өсіретін, өмірде жетелейтін, жақсы – жаманды үйрететін ең асыл қасиетті жандар ол ата – ана. Әрдайым ата - ананы қадірлейік, достарым!
  Жан Ана Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 30-40 – қа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?… Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, біздің әрбір еркелігімізді көтерген «жан аяулы жан анамызға», «Ана, рахмет!» деп айттық па? Әй, қайдам?! Бірақ айтқандар да бар шығар, кім білсін?! «Ана, сізге мың да бір рахмет!», деп айту, кей адамдар үшін күнделікті «Ана, шай дайын ба, шай ішейікші?» деген сынды жаттанды сөздерге айналып кеткен. Оларға бұл сөзді айтып, анасының бетінен сүю түкке тұрмайды. Күнделікті жаттанды әдет. Ал кейбіреулер үшін бұл сөзді айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде, мерекеде аналарын құттықтау қиынға түсетін жандар да бар. Бес саусақ бірдей емес. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз. 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай, отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады?… Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3-4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып, мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы….», – деген Анаға, «Ой, Ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананың жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Ал сол кезде, біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана, қойшы…», деп сілкіп айтылған сөзден, Ананың жұдырықтай «балам» деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір-ақ күнде солып қалуы ықтимал ғой… Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата-ана қадірін, балалы болғанда білерсің» дейді. Сонда қалай, біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша ана деген жанның қандай екенін білмейміз бе? Біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша, бәріміздің де аналарымыз қасымызда жүрмейді ғой.. Тағдырдың қыңыр-қисық жазуында не жазылғанын кім біледі?… Киім бүтін, қарын тоқ, Бүгін бармыз, ертең жоқ, – дегендей, бір секундтан соң не боларын, кім біледі?… Ананың махаббатқа толы жұдырықтай нәзік жүрегін сындырып аламыз, жыртып аламыз, солдырып аламыз, күйдіріп аламыз, ақырында, жоғалтып аламыз деп қорықпайсыздар ма? Санасы біршама толыққан жандар емеспіз бе? Бүгінгі істі ертеңге қалдырамыз деп, кеш қалып қоймаймыз ба? Ойлану керек! Қазір не көп, телефон көп. Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаһқа шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік! «Анашым, сізге мың да бір рахмет!


 Нұрбек Айымбүбі  10 «А»  сынып оқушысы

                                                                Тәуелсіздік - ел тірегі

 
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
  Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тартакөтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.  Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
 Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  
  Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. 
 Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!
  «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» ( Н. Назарбаев)
  Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды... 
 Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
  Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
 Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
 Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
 Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» - деп толғаған.
 Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны:
Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,
Боз дала, ием саған, боз басымды!
 – деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.
 «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» - деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», - дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
 Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы:
 Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер,
 - деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.
 Қазақ батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын – қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә.
 XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.
 Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.
 Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
 Он бес жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін - өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.
 Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер және татар халықтары.  Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
 Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.

Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы – халықаралық тіл дамытудың  өлшем-үлгілеріне сәйкес келеді.  Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.      
 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты. Бүгінгі күнге дейін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
 Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.
 Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.
 Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы – халықаралық тіл дамытудың  өлшем-үлгілеріне сәйкес келеді.  Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.    
 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты. Бүгінгі күнге дейін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
 Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.


Бейсалиева Жанерке 9 «А» сынып оқушысы  

                                               «Ана тілі – қадірлеп ұстайтын байлық» 

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
           (Қадыр Мырзалиев).

«Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!» – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңылмаспыз.
  Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
 “Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттаумыз керек. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Соған орай қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым.
 Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. «Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып – қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да аузын толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Өзінің тыңдаушысын бірден баурап әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің,» - дейді жазушы Қабдеш Жұмаділов.
 “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт - санамыз бен дініміз де осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
 Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз ешқашан қол қусырып отырған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл мәртебесін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс – соның айғағы. Ата – бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Елбасымыздың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Ендігі мақсатымыз –ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің басты құралы, қуатты қаруы. Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік дәуірде шетқақпай болған тілімізге ілесе халқымыздың ұлттық рух, дәстүр – салтының ұмытыла бастауы өтірік емес. Ең жаманы еліміздің бүгіні-ертеңі жастарымыз ғана емес, егде адамдарымызда орыс тілінде сөйлеп, ана тілін жатырқауды шығарды. Әлемдегі ең бай да сұлу, әуезді де салтанатты тіліміздің қадір-қасиетін менсінбейтін халге түсті. «Тілімізді кристалдай таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиіспіз»- деген Шоқан Уәлихановтың сөзі дәл бүгінгі ұрпаққа айтылғандай.
 Елімізде ауызекі сөйлесу тілі болып әлі күнге дейін орыс тілі үстемдік құруда. Өз отбасында ана тілінде сөйлейтін отбасылардың саны аз. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Келешегінің кемелді болуы үшін қазақ тілін де үйренулері қажет. Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәселесі еліміз тәуелсіздік алғалы бері жиырма жылдың ішінде батыл айтылып келеді. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік ұлт саясатында ұстанып отырған бағыттары арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайы алдыңғы орында тұр.
 Тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты қазіргі кезде практикалық жағына да, теориялық жағына да көптеген нәтижелерге жетіп жатырмыз. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Ана тілінде таза сөйлеу, оған деген оң көзқарас ең зор адамдық, мәдениеттілік, тәрбиелілік болып саналады. Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болды деп айтамыз. Қазір тілдің тағдырын шешпесек, оның тізгінін қолымызды ұстасақ, еліміз мемлекет бола алмайды, ол ол ма, келешек ұрпақ – біздің балаларымыз, немерелеріміз тілді білмей қалады, мәңгүрттенеді. Содан барып мемлекетіміздің жағдайы мүшкіл халге ұшырайды. Ондай күн елімізде ешқашан болмасын деп тілейік ағайын.
 Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес. Ана тілін қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өз отанының нағыз патриоты етіп тәрбиелеу – бәрімізге ортақ, қасиетті парыз. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезіңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену арқылы ғана орындалады.Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін.


 Шахманова Айдана 9 «А» сынып оқушысы

                                                            Отаным – алтын ұям бесігім

 Әрбір  жанға  өзінің отбасы, туған  - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан  да адам баласына  солай да ыстық. «Отан»  десе адамның жүрегі  езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің  өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында  да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол  үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді.  Тарихта мәңгі қалады.
 Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі.  Дегенмен де Отанға деген  махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
 Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын.  Қазақстандай  елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын.  Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ  елінде 16 млн-ға  жуық  халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне  отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз  мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте  дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған.  Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың  ішінде дами түсті, көркейіп, өз  экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы  саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын,  оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел.  Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте  алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен  саудаласып, экономикасын дамытуда.
 Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы  жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.


                                                          «Қазақстан – ұлы Отаным»

Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.                           
                        С.Сейфуллин.

 Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде.
 Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
 Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным! Сен барсың менің жанымда, Көктемнің гүлі ашылған! Балалық шағым қасыңда, Тағдырым сенсің, Қазақстан!  Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес. Бұл жан сезімі! Сеніңәрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы. Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді. 2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырмажылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.