Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Сайыстар

 

Мектеп сайттарында "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты ең үздік бет байқауы
ЕРЕЖЕСІ

1.1. "Қош келдің, Әз-Наурыз!" байқауы қазақ тілі мен әдебиеті және информатика пәндері бойынша оқушылар арасында Қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. 
1.2. Байқаудың міндеттері: 
- балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық қызметке белсенді қатысуға тарту;
- оқушыларға патриоттық тәрбие беру;
- балалар шығармашылығын қолдау және ынталандыру, байқау жұмыстары авторларының шығармашылық жетістіктерін насихаттау;
1.3. Байқау Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың номинациялары және бағалау критерийлері 
2.1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
"Наурыз нақыштары" номинациясы - кез-келген графикалық редакторларда салынған өзіндік суреттер. 
"Наурыздың жауһаз сырлары" шығармашылық номинациясы - байқаудың тақырыбына сәйкес өзіндік ой-толғау, шығарма, тақпақ-өлең, эссе мазмұнда болу керек.
2.2. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау келесі өлшемдер бойынша сарапталады: 
- көркемдік деңгей;
- байқаудың тақырыбына сәйкестігі;

Байқауды өткізу тәртібі 
3.1. Байқау 2014 жылдың 1 - 25 наурыз аралығында өткізіледі.
3.2. Байқаудың жеңімпазын іріктеу 2014 жылдың 26-30 наурыз аралығында жүзеге асырылады.
3.3. Байқауға қала мектептерінің барлығы қатысуға міндетті.