Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Кемел Ақышов» музейі

2019 жылдың 17 мамыр күні, сағат 11:00 де Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы № 69 мектеп – гимназиясында атақты археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін салушылардың бірі Кемел Ақышов атындағы мектеп музейінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Кемел Ақышовтың замандастары мен ғалымдар, отбасы мүшелері мен шәкірттері, қалалық музей қызметкерлері мен қонақтар және мектеп әкімшілігі мен ұстаздар, оқушылар қатысты.

Музейді салтанатты түрде Кемел Ақышовтың жұбайы Марал Калымжанқызы мен мектеп басшысы Жунусова Құсни Қияшқызы ашты. Музейдің ашылуына арнайы келген қонақтар Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасынан Дайра Қайнемқызы, балалар және жасөспірімдер туризмі инструкторы Сейтбатталова Магрифа Тасыбайқызы, Еуразия Ұлттық Университетінің тарих ғылымдарының профессоры, доктор Артықбаев Жамбыл Омарович, тарих факультетінің кафедра менгерушісінің міндетін атқарушы Ибадулаева Злиха Өмірбекқызы және ЕҰУ магистрлері болды.

Музейдің  ашылуына тікелей мұрындық болған басшысы Жунусова Кұсни Қияшқызы және көркем өнер пәні мұғалімдері Муханбетжанов Әлімжан Магзумович, Нигметжанов Асқарбек Сейтказинович және Идоят Саулеш секілді шебер ұстаздарымыз  музей экспанаттарын дайындауда аянып қалмады.

Кемел Ақышев музейінің жетекшісі ретінде тарих пән мұғалімі  Караров Асылбек Максутбекович тағайындалды.










17.05

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1