Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Мектепішілік ата – аналар жиналасы

Мектепішілік ата – аналар жиналасының 
ХАТТАМАСЫ

Қатысқандар:
1-11 сыныптарының ата – аналары;

Күн тәртібі:

  1. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
  2. Оқу – тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы;
  3. Түлектер кешін ұйымдастыру;
  4. Сұрақ – жауап.

Тыңдалды:

   Жиналыстың күн тәртібімен мектеп директоры Жунусова Кусни Кияшовна таныстырды.

  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры сөз алып, мектептің белсенді жақтары, кадр құрамы,мектептің материалдық базасы туралы ақпарат берді. 2018 – 2019 оқу жылы көлемінде мектеп қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда 27 сынып бөлмесі интербелсенді тақтамен жабдықталған. Оқушылардың білім алуына қолайлы орта жасалынған. Жаппай оқумен қамту туралы ақпарат беріліп, ата – аналардың сұрақтарына жауап беріліп, 2018 оқу жылындағы аз қамтылған, мүгедек, жетім және потранаттық тәрбиедегі оқушыларға қоғамдық қорлардың көрсеткен көмектері туралы айтылды

Сонымен қоса мектептегі үйірме жұмыстарының ұйымдастырылуы, мектептегі үйірме жұмыстарының тегін түрде өткізілетіні туралы да айтты.

 Ата – ана Тоқтар Гүлнар ұсынысы:Ата – аналарға арналған ақпараттық чат ашу мәселесін қозғады.

  1. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша оқу үрдісі мен тәрбие үрдісіндегі жетістіктер туралы айтылды. 2018 – 2019 оқу жылындағы білім сапасы туралы мониторинг көрсетілді. ҰБТ туралы жаңалықтар және өзгерістермен таныстырды.
  2. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша 2018 – 2019 оқу жылындағы түлектер кешін өткізу туралы ақпарат берілді. «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында қазіргі заман талабына сай түлектер кешін мектеп қабырғасында қайымдырылық акциясымен ұштастыра отырып өткізу туралы ұсыныс тасталды.

Шешім:

1. Аз қамтылған және көпбалалы отбасы ата – аналарына арнап чат құрылсын және мектепішілік ата – аналар кеңесі құрылсын, төмендегідей құрам бекітілсін.

  1. Сералиева Ө.
  2. Тасова Ж.
  3. Тоқтар Г.
  4. Қойлыбаева А.
  5. Қанай Е.
  6. Кеңесбаева А.
  7. Құдайбергенова Б.
  8. Ибадуллаева С.
  9. Амалбекова Ж.
2.Білім сапасын көтеру мақсатында ата – аналар мен мектеп арасында тығыз байланыс орнатылсын.
3 Түлектер кешін жаңа форматта өткізу қолға алынсын

.  
Төрайым:                                                         К.К. Жунусова

Хатшы:                                                            А.Б.Темирханова







15.05

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1