Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Әкелер слеті»

Нұр - Сұлтан қаласы 69 мектеп - гимназиясында Есіл аудандық «Бақытты отбасы», «Әкелер одағы» әкелер форумы жоғары деңгейде болып өтті. Форумды мектеп директоры Құсни Қияшқызы мен Есіл ауданы әкімінің орынбасары Жансұлтан Сапарбаев құттықтау сөздерімен ашты. Іс-шара барысында әкелердің бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігі туралы кеңінен талқыланып, ұрпаққа үлгі көрсетіп идеял болу туралы жақсы баяндамалар оқылды. Сонымен бірге рухты көтеріп, санаға сәуле құятын қисса-дастандардан үзінді орындалып, патриоттық әндер шырқалды. Әкелі-балалы топтар арасында спорттық жарыстар мен конкурыстар ұйымдастырылып, әкелер форумының көрігін қыздыра түсті. Байқау қортындысы бойынша: Бас жүлде (Гран при)78 мектеп әкелерінің намысын қорғаған 
Жукенов Ханапия Мұратұлына - (жеке кәсіпкер)
1 орын: 69 мектеп - гимназиясы атынан Байтолықов Бейбіт Амангелдіұлы мен
(Ұлттық Ұлан оркестр музыканты) 82 мектеп- лицейі Сейтов Нурлан Нурмашовичке
(Президенттік іс басқарма ауруханасының дәрігері) бұйырды. Бала тәрбиесіне жәй қарамайтын Асқар тау әкелер көбейсін!










13.04

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1