Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Сайыстар  > "Қош келдің, Әз-Наурыз"  > Наурыздың жауһаз сырлары


Наурыздың жауһаз сырлары 

1 «Б» сынып оқушысы
Нуркасым Наурызбай

                        Наурызға
Ақтық молайсын,
Жарық ұзарсын,
Тіршілік жаңарсын,
Өмір жаңарсын,
Көңіл кеңейсін
Наурыз құтты болсын! 

1«Б» сынып оқушысы
Карбаев Тамерлан

                        Наурызға
Наурыз менін елімнің берекесі,
Жаңа жыл қазақтын мерекесі.
Шаңырағы биіктеп, күнге жақын,
Ұлан ғайыр керілсін керегесі.

Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Көшелері гүл толып көгереді.

Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.

3 «Ғ» сынып оқушысы
Шәкәр Ерасыл 

                       Жыл басы - Наурыз
Жылдың басы Наурыз,
Ол біз үшін мейрам-ды.
Көжесі мен «наурыз»,
Күтеміз біз мейрамды.

Біздің қазақ халқымыз,
Салт-дәстүрін сақтаған.
Жасау үшін көп көже,
Дән-тарысын ақтаған.

Наурызда әр түрлі
Ойын түрі болады.
Көңіл күйдей жарқырап
Жүрекке нұр толады.

4 «Ә» сынып оқушысы
Слямова Аружан 

                        Наурыз лебі
Күн жылытып, қар еріді далада,   
Келіп жетті көктем нұры қалаға.
Барлық бала мәз-мейрам боп  жүгірді,
Тілеу тілеп отыр міне,ата мен анада!

"Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу",
Айтыс пенен ойындар.
Алтыбақан тебілер,
Салтанатты тойым бар.

Тіл үйірер дәмі бар,
Көже ұсынар аналар.
Шаттық орнап жеріне,
Ұлттық тойын тойлап жүр!

6 «Ә» сынып оқушысы
Файзолла Айдана

                            Наурызға шашу
Хош келдіңдер қонақтар, ата-ана,
Наурыз тойы бүгінгі құтты болсын.
Жаңа жыл, жаңа табыс әкеп сізге,
Шаңыраққа бақыт пен дәулет қонсын.

Биылғы жыл сіздерге құт әкелсін,
Ақ мол болып, қамбаға астық толсын.
Үлкеніміз жастарға жол көрсетіп,
Жамандықтан баршасы алыс болсын.

Өткен жылға риза ғой әрбір адам,
Жаңа жылға жақсы үмітпен қараған.
Осы жылда үмітіміз ақталып,
Орындалсын барша жұрттың арманы.

Халқымның Наурыз тойы ежелгіден,
Бұл күнде Күн мен Түнді теңестірген.
Қане достар қарсы алайық құрметпен,
Қасиетті Қыдыр атаны, Күн менен!

6 «Б» cынып
Мадиярбек Арайлым

                            Наурыз
Наурыз, наурыз жыл басы,
Тойлайды оны әр адам.
Қазақтың ұлттық мейрамы,
Ежелден қалған мұрадан.

Күн шуақты,көктем келді,
Қар еріді , жер көгерді.
Наурыз тойы тойланып,
Күлкі менен ел көгерді.

Наурыз неткен тамаша!
Қуанамыз  балаша.
Наурыздың  әрбір  күнінде,
Ән саламыз балаша.

Наурыз көже ішеміз,
Тойып бірге күлеміз.
Жылда наурыз мейрамы,
Бірге атап өтеміз.

Наурыз тойы қуанышқа теңеліп,
Әрбір адам шаттық ,нұрға кеңеліп.
Наурыз келді, Жыл басы!
Құттықтайды Ел басы!

6 «Б» cынып
Бүргенбай Аружан

                    Қош келдің Наурыз!
Наурыз келді қалама,
Наурыз келді далама.
Күлімдейді  күн көзі,
Шаттық сыйлап балаға.

Қарлығаш келді жар салып,
Бәйшешек өсті жайқалып.
Шаттануда ел-жұртым,
Әз-наурызды қарсы алып.

Қосылдық деп қатарға,
Тәубе айтада атам да.
Жайнап өсіп келеміз,
Бейбіт, тыныш Отанда.

Азамат Мәлжанбай
қазақ тілі және  әдебиеті пәні мұғалімі

                     Наурыз айтыс
Жылан айтты: мен жылжып кетіп барам,
Жыл болудан амалсыз өтіп барам.
Дүбірлетіп жылқы да келіп қапты,
Айқара аштым тұлпарым есік саған.

Жылқы айтты: кісінеп, жерді тарпып,
Келдім деді жорғалап, тізгін тартып.
Ал жылан жыл қош боп тұр көргенімше,
Он екі жылда келесің енді қайтып.

Жылан айтты: жәйлі өтті менің жылым,
Енді қалай болады сенің жылың.
Желді жақсы көретін жануар ең,
Боран болып кетпесін әр бір күнің.

Жылан айтты:
самал желді жаным сүйер,
Қазақ халқы ежелден тұлпар мінер.
Биыл елдің көп болар жетістігі,
Жүлдегерлер ойнақтап керме керер.

Жылан айтты: ылайым солай болсын,
Алла айналып келетін орай берсін.
Мен сияқты иреңдеп қисық жүрер,
Адамдар мінезіне абай болсын.

Жылқы айтты: көктем төгіп нұрын, нәрін,
Көбейсін жылқы мінез, қыз-ұлдарың.
Шеттерінен жел жетпес жүйрік болар,
Тұлпар жылы туылған құлындарым.