Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Сайыстар  > "Қош келдің, Әз-Наурыз"  > Наурыз әндері

Наурыз әндері

                                   

                                Наурыз!

Әні: Айдос Сағатовтікі
Сөзі: Ерсайын Жапақ

Жырымыздан жалын тарады
Жер бусанып жатты ұдай
Күн теңесіп түнмен қалады
Қалаған соны құдай.

Түркістан тасы еріді-ау көктем
Көзімнің жасы айхау, еркем
Наурыз, Наурыз жылы жеткені, айхай
Сары май, тары, көже төгілді-ай

Ақтады жайлау
Наурыз, Наурыз, жылы жеткені айхай
Сары май тары көже төгілді-ай
Ақтады жайлау

Қарасаң алтын мейрам
Адамнан келді арай
Жер беті жасыл сайран
Сары дала ән мен шырай

                               Наурыз - думан!

Әні Т.Сарыбаевтікі    
Сөзі М.Мақатаевтікі

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!

Қайырмасы:
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз! Наурыз! Наурыз! Наурыз!

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын болғанда
Келіп ем өмір-орманға
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Наурыз тойы келгенде.

                               Наурыз - думан!

Қанша ғасыр сән берген даламызға,
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.

Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухи шаттығымсың тасып толған.
Сені тойлап бабасы бабамыздың,
Әжемнің әжесіне ғашық болған.

Сен бүгін арнасысың дара күйдің,
Сан пейілдің төріңнен күлімдейсің.
Сен менің ұлы бабам Фарабидің
Кешігіп келе жатқан үніндейсің.

Басыңды көтер, қане, күн қақтаған,
Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.
Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған
Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың.

Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім,
Немерем тік көтеріп уақыт туын.
Ғашығына арнаған іңкәр сөзін,
Өзіңнің тойыңда айтса – бақыттымын.

****
Көктем келбеті
Ызғарлы күн ауысып,
Көгінде қарын тауысып.
Көктем лебі еселі,
Таңғы нұрмен қауышып.

Табиғат көркін келтіріп,
Жан-жануар серпіліп.
Күттірген көктем келдің бе,
Жайқалған гүлмен желпініп.

Көк майса көктем келбеті,
Өзгеріп өңір, жер беті.
Адамзат, бейне көрінер,
Кеткендей қыспен бар дерті.

*****
Таңғы әуен
Тамылжыған таңның әсем әуенін,
Сергек сезім, лағыл-ляззат дер едім.
Жамыраған ай жүзіктей сәуледен,
Шапағаттың шар айнасын көремін.

Таң шығынан сілкіндірген гүл-өңір,
Дір еткендей сезінемін денем бір.
Таңғы әуен – тершілікке құштарлық,
Құштарлық боп жамырайды өлең-жыр.

*****
Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
Жүректің сарқылмасын жылылығы.

                               Наурыз келді

Н. Дүкенбай

Наурыз келді далама,
Наурыз келді қалама.
Қуанады ата-ана,
Қуанады бала да.

Оң болды да жорамыз,
Төлге толды қорамыз.
Айран, қымыз толығып,
Аққа толды шарамыз.

Наурыз болсын әніміз,
Наурыз болсын сәніміз.
Наурыз көже көп ішсек
Жасарамыз бәріміз.

                               Наурыз

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді, 
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді. 
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған, 
Арманы асқақтады көптен бергі. 

Жаңартып сана, салтымды, 
Қуантқан барша халқымды. 
Наурыз тойы – ел тойы, 
Ғасырдан асыр даңқыңды. 

Ән болып асыл, 
Даңқыңды асыр Ғасырдан ғасыр. 
Жер үсті жасарады, жаңғырады. 
Бар аймақ аңсай күткен сән құрады. 

Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп, 
Туған жер төскейінен ән құлады. 
Наурызым шат-думан көңіл тойы, 
Жан берген тіршіліккке өмір тойы. 

Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы. 
Наурыздың жанға жайлы самалы есіп, 
Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп. 

Дәстүрін жалғастырып бабаладың,
Кеңейді жан сарайы, сана өсіп. 
Көксеген қасиетті іңкәларын, 
Ардақтап асқақ ұстап жұрт арманын, 
Ұлтымның қанға сіңген мұңын емдеп, 
Наурыз деп байтақ елде шырқалды әнім.

Кең жайып қазақы үйдің керегесін, 
Көрсетіп қадір-қасиет негесін, 
Мерейі қазағмның өсе берсін, 
Көгертіп мәңгі бақи көсегесін. 

Наурызда жарқылдаған жасын от бар, 
Адамдар құлай сүйген қасиет бар. 

Ұлтымның дәстүрсалтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар.
Тасты еміп, қайнап жатқан бұлағы бал,
Наурыздың құшағында шуағы бар.
Сән беріп шаттығым ақ шұғыла,
Мерейін елдің асқақ куә қылар.

Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын, туған елім!