Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Оқушыларға  > Менің көшем

«Үркер» шағын ауданындағы көшелер тарихынан

Ақсүйек көшесі.
Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ақсүйек ойнына малдың ақ сөңкелеп қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмырақ таяқша пайдаланылады. Жиналған дарекі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі.

 Ақтамберді Сарыұлы көшесі

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені) — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. “Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.

Беғазы – Дәндібай көшесі

Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX - VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.).

 Ботақара көшесі

Ботақара — көне зират. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Нұра өзенінің солтүстік жағасында. Ескерткішті 1950 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшілері Ә.Марғұлан, Ә. Оразбаев, М.Қадырбаев) зерттеген. Құрамында қола дәуірінің 49, ерте темір дәуірінің 9 ескерткіші бар. Қола дәуірінің обалары жалпақ тастармен бір, кейде екі қатар айналдыра қоршалса, ерте темір кезеңінің ескерткіштері тас пен топырақтан оба түрінде үйілген. 7 қоршау мен 4 оба қазылды. Алынған қыш құмыралар, қола бұйымдардың сынықтары, қойдың, жылқының сүйектері зираттардың Андрон мәдениетінің Нұра кезеңіне және Тасмола мәдениетіне жататынын дәлелдейді. Ботақараның үшінші қоршауы өзара концентрлі, биіктігі 0,3 м, диаметрі 7,5 — 3,5 м, қос шеңбер түрінде.

 Әбілхан Қастеев көшесі 

Әбілхан Қастеев(1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

 Әміре Қашаубаев көшесі 
Әміре Қашаубаев(1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1888 жылы туған. 12 жасқа толғанда Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. Әміре 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті.

Байзақ Мәмбетұлы көшесі 
Байзақ датқа (1789-1864) - қазақ батыры, Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі.

Басықара Би Құрманұлы көшесі 
Басықара Би Құрманұлы 10-12 жасында билік айтып, әділдігімен ел ішінде көріне бастайды. Ел әңгімелерінде Басқараны бірде батыр,бірде би деп атайды. Басқараның атасы Тасым атақты батыр болған. Төртқара ғана емес Әлім руының да атағынан арттырған батыр. 1840-1841 жылдары өзінің атымен аталатын жерде қайтыс болған. Басықарадан – Бекмырза, одан Бәймен туады. Бәймен бидің, Басықараның есімдері «Қазақ-орыс қатынастары» жинағында кездеседі. Мұрағатта олардың есімдері, істеген істері жайлы қысқаша деректер жазылған. Мысалы, 1792 жылдың маусым айында басқа билермен бірге Ералы сұлтаның хан болуына қарсылық білдіргендердің ішінде Басықара бидің есімі де бар.

 Баян Батыр көшесі 

Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)– батыр. Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған.

 Бекзат Саттарханов көшесі  
Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпай, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебін көрсетіп тұрды. Ал ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таниды.

 Бойтұмар көшесі 

Бойтұмар – дұға, аят, астрологиялық ишаралар немесе қасиетті кітаптардан алынған сөздер жазылған, мойынға тағылатын қастерлі зат. Бойтұмар ретінде түрлі бұйымдар (ұлутас, тас, сүйек, т.б.) немесе арнайы жасалған ішінара қымбат зергерлік заттар да қолданылады.

  Ж. Шаяхметов көшесі 
Ж.Шаяхметов «Медеу» мұз айдынының, Шымбұлақ спорт базасының салынуына да көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол кеңес империясы парламенті палатасының бірі - КСРО Жоғары Кеңесі Ұлттар кеңесінің төрағасы болған және 1950 жылы КСРО-ның «Бейбітшілік туралы заңына» қол қойған бірінші қазақ.


Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі 
Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кішкене шекті руының басшысы еді. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлігі және қаһармандығы үшін құрмет тұтты. Оның дүлей қара күші де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар еді. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды.



Жайлаукөл көшесі
Жайлаукөл– Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы ауыл. Шығанақ, Қамқалы ауылдары мен бірге Қамқалы ауылдық округіне кіреді. Ауыл Шуөзенінің төменгі сағасында, Бетпақдаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Шығысында Мойынқұм құмыбар. Жер құрамы негізінен құмды болып табылады. Сексеуіл, жиде ағаштары көптеп өседі. Изен, жантақ, жусан кездеседі.



Доспамбет Жырау көшесі

Доспамбет Жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы)- жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырымханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапқан. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отанқорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аң саусарыны байқалады. Жырау ол замандық айтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айналабұлақбасытаң”, “Тоғай, тоғай, тоғайсу”, “Азау, азаудегенің”, “Арғымаққа оқтиді”, “Қоғалыкөлдер, қомсулар”, “Айналайын, АқЖайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағы мен байланыстыра сипаттайды. 

 Зеңгі Баба көшесі  
Зеңгі Баба – қазақ халқының мифологиялық сеніміндегі төрт түлік малдың бірі – сиырдың пірі. Халық нанымында малдың әр түлігінің өз тәңірісі, иесі болады деп ептелген. Соның ішінде сиыр малының тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген. Соған сиынып, малының аман-сау өсіп, көбеюін тілеген.

Шалкиіз Тіленшіұлы көшесі  

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Жыраудың әкесі, сірә, сахара ақсүйектерінің бірі болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүздің ұйытқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда (Заяицкая Орда) аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы екен. Болашақ жырау үш айлығында анасынан айрылады да, нағашы әжесінің қолына беріледі. Сөйтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін жайлаған түркі руларының бірінен екіншісіне көшкен бір ғасырға жуық сапары жөргектен басталады.


И.Тайманұлы көшесі  

И. Тайманұлы халық батыры  1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И. Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің-Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкейханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И. Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкейханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С. Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.

 Кейкі батыркөшесі

Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақбелсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті.

 Қамбар Ата көшесі
Қамбар баба – қазақтың сенім-нанымында жылқы малының пірі, иесі. Кейбір аңыздарда Қ. а. есімі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады.

 Қапшағай көшесі

Қапшағай - Қазақстандағы қала. Қазақстандағы құмар ойындар ойнатуға рұқсат етілген екі қаланың бірі.Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған. Қапшағай 3600 шаршы метр құрайды. Қапшағай қаласында қазіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 54,4 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.

Қазтуған Сүйінішұлы көшесі

Қазтуған Сүйінішұлы"Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.

 Қазтек жотасы

Қастек Баянбаев көшесі 

Қастек Баянбаев (15.11.1936 жылы туылған, Алакөл ауданы, Талдыбұлақ ауылы ) — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). ҚазМУ-ді бітірген (1976). 1960- 70жылдары Алакөл ауданы газетінде, Алматы облысы "Жетісу" газетінде, 1971-91 жылдары "Жалын", "Жазушы" баспаларында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1991-96жылдары "Балауса" баспасыңда бас редактор қызметтерін атқарды.
 Қожабергеннің қазіргі уақытта «Баба тілі» дастанының алғашқы бөлімі, «Ата тек» тарихи жырының, «Қуаныш» атты өлеңінің, «Ер Қойлыбай» дастанының үзінділері, «Жастық», «Кәрілік», «Өсиет», «Наурыз басы», «Насихат өлеңдері» мен «Елім-ай» сияқты аз ғана шығармалары жеткен. Оның аталған шығармалары «Елім-ай» деген атпен 2001 жылы Петропавл қаласында кітап болып шықты. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том экономика ғылымының докторы, профессор Шаймұрат Смағұлов пен ауыз әдебиетiн зерттеушi Қаратай Биғожаұлының «Батыр-жырау Қожаберген» атты еңбегінен.

Қозыкөш көшесі 
Қозыкөш қазақ халқы – ежелден көшпелі, ұзақ тарихи барыстан бері көшіп-қону ұлы үрдісіне айналған қыры мен сыры, салты мен салтанаты асқан, көшті қадірлей, қымбатын түсіне білген ұлт.

 Құттымбетұлы Наурызбай көшесі 
Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратауаралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды.

 Махамбет Өтемісұлы көшесі
Махамбет Өтемісұлы(1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

 Мәди Бапиұлы көшесі  

Мәди Бапиұлы (1880-1921) - композитор, ақын. Балалық шағынан өзінің әнімен және домбырадағы ойынымен даңқы шыққан. Ол Ақан сері, Біржан-сал сияқты әнші ақындарменкездесе жүріп, ол бұл халықтық өнерді жете меңгереді, олардан оқиды. Мәди жалған айыптау бойынша сотталады. Ол түрмеде туған жеріне деген сағыныштан “Қаракесек” әнін дүниеге әкеледі, онда тағдырының ауырлығын, әлемдегі әділетсіздік туралы жырлайды. Мәдидің шығармашылық мұрасы толық жиналмаған. Оның халық жадында сақталған әндері әлі күнге сыр - сымбатын жоғалтқан жоқ. Биік пафосы, еркін, жан-дүниені баурайтын оның сұлу әндері қазіргі кезде сахна мен радиодан жиі естіледі. Оның әндері Е. Г. Брусиловскийдің“Қаракесек”, “Ер Тарғын”, “Шіркін-ай”, “Мәди”, “Қыз Жібек” операларында қолданылды. Мәдидің өмірі мен шығармашылығына А. Жұбановтың, А. Бектасовтың зерттеулері, Ә. Әбішевтің“Найзағай” романдары арналған.

 Мұрын жырау көшесі  
Мұрын жырау— Тілеген Сеңгірбекұлы (1859 - 1954 ж.) жырау. Қашаған жырау мен Нұрым жыраудың шәкірті, аталмыш жыраулардан Қырымның қырық батыры эпопеясын үйреніп, біздің заманымызға дейін жетіп, қағаз бетіне түсуіне септігін тигізген қайраткер. ХХ ғ. қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі.

 Мырзағылұлы Бекет көшесі
Мырзағылұлы Бекет (Бекет ата) (1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.

 Оспан батыр көшесі 
Оспан батыр(Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан батыр; (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы.Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, Қытай, КСРО, Моңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Жарықтық, «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір күні Үрімжіде атты.

 Орда тау көшесі

Ордатау– Сарыарқаның шығысында, Шыңғыстаудың солтүстігіндегі шоқылы тау. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы –Қарауылдан солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. Ең биік жері Ордатас тауы (1064 м). Солтүстіктен оңтүстікке 25 – 30 км-ге созылып жатыр. Ордатау карбонның граниті мен гранодиоритінен түзілген. Беткейі көлбеуленіп, қырқалы жазыққа ұласады. Климаты тым континенттік. Жылына 250 – 300 мм жауын-шашын түседі. Жусан, бетеге, тобылғы, қараған өседі.

 Өмірұлы Жасыбай көшесі
Өмірұлы Жасыбайбатыр (шамамен 1716-1741) - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгілі батыры. Ол - жауға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр. Бірде қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға жауынгерлерімен келе жатқан қалмақ қолының алдынан шығып, олардың жолын бөгеп, бері жібермеуді тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр жаумен асқан ерлікпен соғысады. Бірақ аңдаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан қаза болады.

 С. Садуақасұлы көшесі 

С. Садуақасұлы 1916 жылы Омбыда қайраткерлік мектеппен бірге қаламгерлік мектептің де табалдырығын аттады. Ол қаламын «Бірліктің», «Балапан» атты қолжазба журналдарында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық өнерді тынымсыз қайраткерлік қызметінің барысында меңгерді. 1918—1919 жылы Алаш Ордаға тыныс болған «Жас азамат»газетің,1920 жылы атын «Қазақстан» етіп, затын халықтық қылып өзгертпекке бел буған «Ұшқын» газетің, 1922 жылы Еуропа өркениетін уағыздаған «Өртең» газетін, қазақ жастарының «Жас қазақ» журналын шығаруға атсалысты. Мұнан бөлек ол 1920 жылы «Еңбекшіл жастар»(Омбы), «Кедей сөзі»(Омбы), «Еңбек туы» 1925-1926 жылы «Еңбекшіл қазақ», кейін «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының (1924-1925 ж.ж. шығып тұрған) жауапты шығарушысы (редакторы) болды.

 Сыпыра жырау көшесі 
Сыпыра жырау (XIV ғ.) Суырып салма ақын. XIV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар жырының талайында аталады. "Өз өмірінде толғау айтып өткен" Сыпыра жайында "Ер Тарғында" "Тоғыз ханды түзеткен кісі еді" делінеді. "Телағыс" жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал "Құбағұлда" "Жүз сексенге келген" дана қария ретінде көрінеді.

 Сырым Датұлы көшесі 
Сырым Датұлы (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре султан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.

 Текес көшесі
Текес өзені – Алматы облысының Райымбек ауданы мен Қытай жеріндегі өзен, Іле алабында. Жалпы ұзындығы 438 км, оның 218 км-і Қазақстан аумағы арқылы ағып өтеді. Су жиналатын алабы 28100 км². Теріскей Алатаудың солтүстік-шығыс сілеміндегі Қопыл тау массивінен басталып, Қытай жеріндегі Қарабура ауылының тұсында Іле өзенне құяды. Аңғары жоғары бөлігінде тар, терең шатқалмен ағады, төменгі ағысы жазықпен ағып, арнасы мемл. шекараға дейін кеңейеді. Орташа су ағымы Текес ауылы тұсында 9,02 м2/с.

 Толыбайұлы Қожаберген көшесі 
Толыбайұлы Қожаберген (1663-1763) – ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген жырау, қазақ халқының әскерiн басқарған қолбасшы, әйгiлi ғұлама, шежiрешi. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Қожабергеннің қазіргі уақытта «Баба тілі» дастанының алғашқы бөлімі, «Ата тек» тарихи жырының, «Қуаныш» атты өлеңінің, «Ер Қойлыбай» дастанының үзінділері, «Жастық», «Кәрілік», «Өсиет», «Наурыз басы», «Насихат өлеңдері» мен «Елім-ай» сияқты аз ғана шығармалары жеткен. Оның аталған шығармалары «Елім-ай» деген атпен 2001 жылы Петропавл қаласында кітап болып шықты. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том экономика ғылымының докторы, профессор Шаймұрат Смағұлов пен ауыз әдебиетiн зерттеушi Қаратай Биғожаұлының «Батыр-жырау Қожаберген» атты еңбегінен.

 Уәлитхан Шарафиддинұлы көшесі
Уәлитхан Шарафиддинұлы - Алашорданың күрескер азаматы, көрнекті қоғам қайраткері. Арғы атасы Бекпембет би Атырау қазақтарына аты шыққан балықшылықпен шұғылданып, елді кәсіпке үйреткен, елге сыйлы дәулетті адам екен. Оның Шолтыр, Танаш атты екі ұлы болады, Уәлитхан осы Танаштың немересі екен. Уәлитхан Шарафиддинұлы 1887 жылы Атырауда балықшы кәсіпкер отбасында туған.

 Үмбетей Тілеуұлы көшесі
Үмбетей Тілеуұлы 1697 жылдар шамасында осы еліміздің Ерейментау өңірінде дүниеге келген. Әкесі – Тілеу қаһармандық жырларды, көне аңыздарды, шешендік сөздер мен қиссаларды жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка өнерінен көп хабары бар шебер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі — өз әкесі, дәріс алған тұстаздары – сол кездегі әкесі тәрізді көнекөз қарттар. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей ауыл арасында ғана емес, жалпы жұртқа да өзіндің ерекшелігімен өте тез танылады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ат жалын тартып мініп, найзасы мен жалынды жырларын жауына қатар сермеген Үмбетей жырау халқының құрметіне бөленеді. Сыртқы жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау оның өзекті тақырыбына айналады.

 Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы көшесі 
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы, Володарский ауданы — 1930) — қазақтың халық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі.

 Шекшек Ата көшесі
Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Шекшек Ата халық арасында ешкінің пірі ретінде кеңінен танылған. Мал амандығын тілеген қазақ Шекшек Атаны ауызға алып, сыйынған.