Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Библиотека  > мектеп кітапханасы

Мектеп кітапханасы - сапалы білімнің сенімді кепілі

 Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихта да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі-осы кітаптар.
 Рухани тарихын, ата бабаларымыздың салт дәстүрлерін, әдет ғұрпын тануда кітаптың берер, көмегі ұшан теңіз.
 Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты.
 Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап. Әр кітап өзінше бір құпия. Қолға алып парақтай бастасаң, ғасырлар қойнауының тұңғиық тереңінен таңғажайып талай талай сыр шертеді. Ол әрбір жеке тұлғаның ой өрісін дамытып, рухани қазынасына айналды. Қазіргі қоғамымыздың қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайтын, оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхана. Ұстаздардың ұстазы Ы.Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» - деп алдағыны көргендікпен болжаған. Мұндағы «шамы» - терең білім, ғылым болса керек.
 Осынау білім, деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашан да тұғыры биік болуы тиіс. №69 мектеп-гимназия кітапханасы да осы мақсатты бетке ұстай отырып, кітапхананы шын мәнінде білім ордасы етіп көрсету үшін жұмыс жасап келеміз. Кітапхананың басты байлығы-кітап. Сондықтан да біздің жұмысымыздың мәнді де мағыналы болуы дұрыс жабдықталған кітап қоры болуы тиісті. Біздің мектептің оқушыларын  оқулықтармен қамтамасыз ету біршама жолға қойылған. Негізінен тапсырыс берілген кітаптар тегіс алынып, оқырмандарымызға таратылды. Кітап қоры ескірген әдебиеттерден тазартылды. Көркем әдебиет пен танымдық әдебиеттерге келетін болсақ қазақ әдебиетінен бағдарламаға сәйкес қосымша әдебиеттер қоры бар. Орыс әдебиетінен орыс классиктерінің шығармалары аз болған еді, мектеп басшыларының демеушілер табуының арқасында кітап қорын толықтыруға мүмкіншілік болды.



Кітапханада бар әдебиеттерімізді насихаттау мақсатында «Назар аударыңыздар! Жаңа кітаптар»  атты ақпараттық кітап көрмесі, «Ертегі тыңдап өсемін..» атты балалар әдебиетінің және «Электрондық оқулықтар-заман талабы» атты электрондық оқулықтар көрмесі жабдықталған.

Танымдық – көпшілік әдебиеттерді насихаттауда  кітапхананың бір оқу залы Қазақстан туралы, туған жеріміздің баға жетпес байлығы флорасы мен фаунасы жайлы көркемсуретті кітаптар, тарихи тұлғалар, батырлар мен билер туралы кітаптар қойылып, «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан» атты кең ауқымды көрмемен безендірілген.



Бұл кітап көрмесінде Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Елбасымыз туралы ақпараттар үнемі жаңартылып отырылады, Елбасының еңбектері, қазақ елінің мақтанышы Астана қаласының әсемдігін  айшықтап тұратын кітаптар қойылған. Бұл  кітап көрмесі мектеп оқушыларының үнемі пайдаланатын, кітаптың қымбат қазына екенін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кітап туралы айтқан қанатты сөзінің шын мағынасын сезіне алатын қасиетті орын деп айтуға болады.


Тақырыптық кітап көрмелеріне келетін болсақ «Сәкен–сұңқар» атты кездесу кешінде «Алты алаш ардақтаған ақын Сәкен» атты кітап көрмесі мен слайд жасалды.



Мектепішілік Абай оқуларында «Абай-дара, Абай-дана қазақта...» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.



Ұлттық рәміздерімізді насихаттау барысында «Ел рәміздері-ел рухы» атты кітап көрмесі тұрақты жұмыс істейді.



Кітап-өмір ұстазы, баға жетпес байлық дейміз. Бірақ бұл күнде кітап оқуға деген қызығушылық төмендеп кеткені жасырын емес. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адамның ақыл-парасаты, танымы, білімі, сыпайылығы, мәдениеттілігі сияқты көптеген ізгі қасиеттермен ерекшеленіп тұрады. Сондықтан да біздің кітапхана өз оқырмандарымызға  сараптама жасай келе мыныдай нақты фактілерге кездестік. Мұғалімдер тарапынан кітап оқитындар, кітапханаға қатынайтындар оқу жылының бастапқы кезінде оқулықтар алу мен оқу әдістемелік құралдар алу кезінде байқалған. Қазіргі уақытта   кітап оқитын ұстаздар қатарына ең белсенді Теміртаева Қалдыгул, бастауыш сынып мұғалімі Өміртаева Рысалды Қалмұхановна, Бекишова Айтжамал Макетовна,  Жексембина Арай, Мадиярова Керімбала Бабаханқызын атауға болады. Міне осы мұғалімдердің оқушылары да кітапханаға көп қатынайды. Бекишова Айтжамал Макетовна оқушыларын кітапқа қызықтыру мақсатында «Кітап –рухани сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатын кітапханада өткізді.

Мектеп кітапханасында ұстаздар мен оқушыларға оқу әдістемелік көмек көрсету мақсатында мерзімдік басылымдар көрмесін ұйымдастырып, интернет желісін пайдалану арқылы қажетті ақпараттар алып беру жұмыстарын жүргізіп отырамыз.Мектепте өткізіліп отыратын әр мәдени – көпшілік жұмыстар кітапханамен тығыз байланысты. Өтетін қоғамдық іс шаралар әр қилы тақырыпта болатындықтан кітапханада библиографиялық жұмыс та әр сала бойынша орындалады. Қазірдің өзінде бізде библиографиялық анықтамалар базасы құрылған, кез-келген тақырып бойынша ақпарат бере аламыз деп сенімді айта аламыз.
Біздің кішкентай оқырмандарымыз үшін оқу залы әсем безендірілген.

Бастауыш сынып оқушыларымен  кітап туралы әңгімелер өткізіліп тұрады. Мысалы: "Таныс болайық" жаңа оқырмандарды кітапханамен таныстыру.

«Атаулы күндер – ел тарихының айғағы» атты тақырып бойынша безендірілген кітап көрмелері:
- Тұңғыш Президент күніне орай «Бір ел, бір тағдыр, бір Елбасы» атты көрме;
- Тілдер күні қарсаңында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты көрме;
- "Зорлық-зомбылықсыз балалық  шақ" тақырыбы бойынша «Балаларды және балғын балалықты қорғаймыз» атты кітап және балалар салған суреттер көрмесі;
- Казақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың туғанына 80 жыл (1934-2006) толуына «Сұлу сөздің сүлейі - Сәкен сері» кітап көрмесі;
- Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Аққан жұлдыз жарығы» атты кітап көрмесі;
- Әбділдә Тәжібаетың туғаныны 105 жыл толуына байланысты тақырыптық кітап сөресі.

 21 ақпан туған тілдер күніне қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі жайлы ақпараттық кітап сөрелері ұйымдастырылды. 
 Кітапхана – кітап арқылы жас жеткіншектердің ой-өрісін дамытуға парасаттылыққа тәрбиелей алатын мәдениет орталығы. Сондықтан мәдени, ошақтарды жандандыру, оның ішінде балаларға қызмет көресететін мектеп кітапханаларының еңсесін көтеру, дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ортақ білімін, рухани байлығын арттырубарлығымыздың ортақ міндетіміз!