Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Оқушыларға  > Кітап-ғажап дос

                                                           Құрметті ата-аналар, балалар!
 Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
 Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
 Кітапқұмарлық балалық шақтан бастау алатыны сөзсіз.  Сондықтан да кітапхана 9 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып, қандай кітап оқуға болатыны жайлы кеңестер берейік. Осы жас аралығында баланың кітап оқуға деген қызығушылығы оянып, болашақта белсенді оқырман болуына жол ашылады. Осындай кітаптардың біреуі Светофор. Бағдаршам атты балалар кітабы.

 Светофор. Бағдаршам. –Алматы: Алматы кітап, 2008 жыл

Кітап балаларға жол ережелерін үйретуге бағытталған: Бағдаршам не айтады?, Жолдан қалай өтемін?, Қай жерден өту керек? Жолда ойнау қауіпті!, Жол тәртібін кім реттейді?, Көлікті айналып өтуді үйрен. Көше қиылысынан өтеміз. Сен жолаушысың. Жол белгілері-біздің көмекшілеріміз. Абайла! Пойыз! Осы сұрақтар мен ескертпелерге осы бір шағын суретті кітапшадан жауап табуға болады.

 Байғабылова, А. Қоршаған орта/А. Байғабылова - Алматы: Аруна, 2007 жыл

Бұл кітап «Әліпби. Анаммен оқып үйренемін» - балаларға арналған алғашқы кітаптар топтамасымен шыққан. Ол балдырғандарды әріп және дыбыстармен таныстырады. Буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін арттырады.
Кітап қызғылықты тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, әңгімелерден тұрады.

 Бауырлар-Алматы: Аруна, 2007 жыл

«Анаммен оқып әңгімелесемін» топтамасының бұл кітабы ертегі мен әңгімелерден тұрады. Оны оқыған бала мәтіннің соңында берілген суреттерге қарап, дұрыс әңгімелеуге үйренеді. Мұндай тапсырмалар біртіндеп күрделене түседі. Соңғы тапсырмада оқиға желесінің бір көрінісі қалып қойған. Осы суретті салу үшін бос орын қалдырылған. Бұл тапсырма қиындық туғызған жағдайда бала оқиғаны ауызша айтып, жалпы мазмұнына байланысты кез-келген сурет салу арқылы ой – өрісін дамытады.

                            Кітапханада 1-3 сынып оқушыларының сүйіп оқитын кітапшалары:
 Біз өсіп ойнаймыз - Алматы:
Бала, 2008 жыл
«Біз өсіп ойнаймыз» атты кітап «Бөбекке арнаймын» атты сериямен шығарылған. Кітапта бөбек жыры келесі жолдармен берілген:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
 Сонымен қатар кітапта «Әкетай», «Доп», «Қуыршақ», «Ата ақылы» т.б. өлеңдерді оқуға болады. Елубаев, Е. Өрт сөндіргіш / Е. Елубаев. -Алматы: Аруна, 2008
Ескен Елубаевтың «Өрт сөндіргіш» атты өлеңінде:
«Небір қилы апатта,
Табылатын заматта,
Өрт шықса да орманға,
Жедел жетер сол маңға» деген жолдармен басталатын өлеңде өрт сөндірушілердің өз ісіне деген жауапкершілігі, міндеті туралы жазылған. Бұл ойыншық кітап кішкентай оқырманға қатты ұнайды. Өйткені оның сыртқы бетінің өзі әсем етіп безендірілген. Кітапшаның өзі машина түрінде жасалған.
 
 «Қуырмаш»
атты бұл кітапқа халқымыздың бұдан жүздеген жылдар бұрын шығарып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп отырған бесік жырлары, түрлі санамақтары, ойын-өлеңдері еніп отыр.
Қуырмаш. Мектепалды даярлық тобы балаларына арналған.-Алматы: Алматы кітап, 2006 жыл
Бұл жинаққа енген өлеңдер балалардың бесік жырынан бастап, ойыншық сылдырмақпен ойнауы, қаз-қаз басуы, тұсау кесерді бейнелейді. Балалардың жаттап алуына жеңіл. Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, сұрақтамалар, тапқырларға тапсырма дейсіз бе бәрін-бәрін осы кітаптан табасыз. «Қуырмаш» балалар көңілінен шығар деген үміттеміз. Кішкетай балаларға арналған Сылдырмақ баланы бірден өзіне баурап алады: Сылдырмақ сылдырлап, бесікте тұрады.

Бөпешім Былдырлап,
Сылдырмақ Ұрады,
Бас салып,қолға алып, ауызға салады.
Сол кезде сылдырмақ сөйлемей қалады. Енді ғана тәй-тәй басып жүрген балаларға:
«Қаз-қаз-қаз, Қаздаң бас, Бір-екі-үш,
Аздан бас» деп басталатын жолдар баланың енді-енді тәй басып, тұсауын кесу кезінде айтылады. «Мазақтамалар» да осы кітаптың ішінде көрініс тапқан:
Нәйім-нәйім бауырсақ!
Ағын суға шомылсақ!
Жаман бала ойынсақ!
Жақсы бала малсақ!

Жинақ мазмұны жағынан өте бай және баланың тілін дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Оның үстіне кітап өте әдемі суреттермен безендірілген, суретші Б. Сопыбеков жинаққа енген халықымыздың бай мұрасын сурет арқылы аса сүйіспеншілікпен жеткізе білген.

 Елубаев Ескен.  Балаларға базарлық: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: "Алматы кітап", 2007 жыл
 Бұл кітаптағы оқуға жеңіл өлең, тақпақтар, ой дамытатын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқырман үшін жеңіл де қызықты..

 Алдар көсе:  Ертегі – Алматы: “Алматыкітап” ЖШС, 2007 жыл

  

Қазақ ертегілері – Алматы: “Балауса баспасы”. 2003 жыл 
Қазақ ертегілері – Құрастырған: А. Сәулебаева. Суретші: Г. Ф. Алматова – Шымкент. ПТ “Шикула и К0”. 2003 жыл
 Бұл кітаптар қазақ ертегілері әлемінің баға жетпес құндылықтары. Әсем безендірілген суреттерімен, жан жануарлары, қиындықты  тапқырлық пен батылдықтары арқылы жеңетін батырлары жас бүлдіршіндерді сиқырлы әлемге жетелейді.
 Ең бастысы – кітап арқылы балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. Балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді.


                                                          

 Балаларға арналған шығармалар ішінде жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталған кітаптардың бірі С.Иманасовтың «Жәнібек пен атасы» кітабы.

 
С. Иманасов.Жәнібек пен атасы. (Өлеңдер, жұмбақтар, аудармалар,  әңгімелер, ертегілер). – Алматы: "Алматыкітап", 2007 жыл
Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі, балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал. Осындай кітаптар қатарына батырлар жыры жатады. Бұл жырлар балаларды сұлулық әлемімен таныстырып,өздерін ел қорғайтын азамат болсам деген қиялға жетелейді. «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" "Қыз Жібек", "Ер Тарғын" кітаптары қазақ, орыс, ағылшын тілінде басылған, көркем суретті.

                                                   

 Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. 5-7 сынып оқушылары танымдық әдебиеттерді оқуға, олар арқылы өздерінің көкейлеріндегі сұраққа жауап алуға талпынады. Бұл мақсатқа жету үшін біздің кітапхананың «ақылды», «сұрақ және жауап» кітаптары көмектеседі. Қазақстан туралы, туған жер туралы мынадай кітаптарды ұсынамыз:

Қазақстан елімен сиқырлы саяхат, - Алматы; Алматыкітап баспасы 2009 жыл

 Біздің алып еліміздің барлық жағын аралау үшін пойызға немесе ұшаққа билет сатып алуға міндетті емессің... Қазақстанда саяхаттағың келсе, көмекшіге мына кітапты алуыңа болады. Әр бетінде өз елің – Қазақстанмен танысасың. Байтақ еліміздің географиялық жағдайымен, табиғи аймақтарымен, жануарлар әлемімен, жер қойнауының бай қорларымен, өзен-көлдерімен, тауларымен және тарихи ескерткіштерімен, ірі қалаларымен, республика халқының тұрмысы және мәдениетімен танысып, Отанымызды аралайсың. Осы кітаптың көмегімен сен туған жеріңнің құпияларын біліп, жаңалықтар ашасың...


 Қазақстанның қызыл кітабы, - Алматы, Алматыкітап баспасы
 Табиғат қорғаушылар, сіздерге арналған. Ата-жұртымызды мекендеген жан-жануарларды қорғау – сенің басты міндетің! Егер де сені насекомдар қызықтырса, Қазақстанның қызыл кітабының үшінші томынан омыртқасыз жануарлардың 96 түрімен танысасың. Әрбір насеком түріне байланысты: бүгінгі таңдағы таралуы, саны, биологиялық тіршілігі, олардолардың кемуі, жойылу сесебептері туралы толы мәліметтер аласың. Олардысақтап, қорғаушараларысағанкөмекшіқұралболады. 

 Әлем  балалары үнімен,-Шымкент. ПТ “Шикула и К”. 2003 жыл

Поэзия антологиясына әлем балалар жазушыларының ең үздік шығармалары енген. Қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде жарық көрген бұл басылымның тақырыбы: Отанға деген сүйіспеншілік, тілді құрметтеу, адамдар арасында өзара сыйластық, достық қатынастар орнату. Осы сезімдер, құрметті оқырман, саған поэзия тілімен арналған.  

 

«Негеш» балалар энциклопедиясы/Дитрих А., Юрмин Г., Кошурникова Р. Қазақ тіліне авторлар ұжымы аударған.-Алматы: Атамұра 2013 жыл
 Бала тілі-бал.  Бал тілімен небір сұрақтар қойып, үлкендерді мазалайтын да сол бүлдіршіндер. Олардың жанды жадыратар тосын сөздері қаншама. «Негеш» осынау бүлдіршіндердің сан алуан «негесіне» жауап беретін анықтама кітап. Бұл кітапта әрбір жауап ертегі тілімен жеңіл баяндай отырып, баланы қызықтыру арқылы бірте-бірте күрделі ұғымдарды игеруге жетелейтін таным әліппесі.


Менің алғашқы энциклопедиям. Балаларға арналған ғылыми-көпшілік басылым. /құрастырушылар А.У. Сужикова, Ф.С. Лекерова, М.Қ. Солтанғазина-Алматы:Алматы кітап баспасы, 2012 жыл

 Тоғыз бөлімнен тұратын бұл энциклопедияда берілген ақпараттар  кіші жастағы балалардың білуге деген құштарлығын арттырып, танымдық көкжиегін кеңейтуге көмегін тигізеді. Бұл кітап көптеген сұрақтарға жауап бере алады. 
 Балалар кітаптарына шолу жасаудағы мақсатымыз  – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, әлем туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болу. 
 Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Оның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балбөбектен бастап, жасөспірімдік жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсынатындығымен ерекшеленеді. Сөз соңында айтарымыз, әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Өйткені білімді, білікті, мәдениетті, көзі ашық баланың тәрбиесі – тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы болары сөзсіз.

              

  "Махаббат, қызық мол жылдар". Ә. Нұршайықов
Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің өмірдегі арпалысына негізделген. Басты кейіпкер Меңтайдың бойынан қазақ қызына тән қылық пен мінезді көресіз, үйренесіз. "Апамның айтқандарын" міндетті түрде жазып, жаттап алуыңыз керек. Сондай-ақ, автордың жарына арнап жазған "Мәңгілік махаббат жыры" кітабы да идеал әйелдің бейнесін көрсете алады.

 "Махаббат жыры". Ә. Тарази.  
Жүректі ізгілікке бөлеп, тілекті егіз арнадан іздеуге қол ұшын беретін шығарманың жүрекке қосымша күш сыйлар қасиеті бар. Әйел баласының артық жүрісі мен қасиет-қадірін таразыға салып суреттейтін жазушының ой ұшқырлығы  тәнті қылады. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуді ұмытпасаңыз болғаны.

 

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
 Ф. Оңғарсынованың "Дауа", "Жүрек күнделігі", "Шашы ағарған қыз", К. Ахметованың "Күн шыққанда күліп оян", "Жапырақ – жаздың жүрегі" атты жыр жинақтары да әйел дүниесінің жан айқайын паш етеді. Ақынмен бірге сырласасыз, мұңдасасыз...

 "Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік". Ж.Көбекбай.
Ана болу – әйел баласына берілген үлкен бақыт. Жүктілік кезінде осы бақытты сезінумен қатар, болашақ ананың бойында үрей, көптеген сауал пайда болады. Міне, осы кезде қаншама келіншек кітап іздеп, ғаламторды шарлап кетеді. Және ылғи да қазақ тілінде қажетті кітаптардың жоқ екендігін айтып қынжылады. Мұның бәрі де артта қалды. Замандасымыз Ж. Көбекбай жүктілік пен босану туралы қазақ тіліндегі тұңғыш кітапты жазып шықты. Кітап әрбір адамға түсінікті, медициналық терминдер барынша аз қолданылған. Кітап төрт бөлімнен тұрады. «Мен болашақ анамын!» атты бірінші бөлімде сәбидің құрсақтағы дамуы мен 40 апта көлеміндегі ана ағзасындағы өзгеріс толық жазылған. Босанар алдындағы дұрыс тыныстану, тамақтану, ауруларды азайту әдістері кітаптың «Босанудың бабын біл!» атты екінші бөлімінде жазылған. Егіз қыздың анасы Ж.Көбекбай жүктілік кезінде өз басынан кешкендерін «Ерекше жүктілік немесе менің күнделігімнен...» атты үшінші бөлімге орналастырған. Кітаптың қорытынды төртінші бөлімі қазақтың ана мен балаға қатысты ырым-тыйымдарына, түрлі этнографиялық түсініктерге арналған. 

 "Ұлпан". Ғ. Мүсірепов. 
Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс қалмаған. Әрбір адам кітапты оқып шыққаннан кейін қазақ болып туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады деп ойлаймыз. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйрене аласыз. Тізіміңізге Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын түртіп алсаңыз да артық емес.

 "Айналайындарым менің". Д. Матайқызы. 
Жас ұрпаққа арнап ұлттық салт-сананы, дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды өмірбаяндық деректермен байланыстыра отырып өсиет етіп жазған Ділдә Матайқызы Тасмағамбеткелінінің бұдан бұрын жарық көрген «Тәрбие туралы толғаныс» атты кітабы оқырмандардың ыстық ықыласына, үлкен құрметіне бөленген. Сол қалың оқырманның өтінішіне орай, туған тарихымыз, саяси-әлеуметтік тың көзқарастар, алуан түрлі өмірлік мысалдармен толықтырылып, қайтадан жазылған бұл жинақ та сіздердің сырлас достарыңызға айналар деген сенімдеміз.
 "Бабалар аманаты". З. Ахметова. 
Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегінен орын алған Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы қазақ келіндерінің төлқұжаты болу керек секілді. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары Зейнеп апа бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген күнделігінің негізінде жазған. Мұндағы басты әңгіме арқауы батыр атамыздың баяндауында ұсынылады. Автор осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген сырды шешен тілмен баяндайды.

                                                          Келіңіздер, ата-ана бірлесіп кітап оқиық!