Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Оқушыларға  > ОҒҚ Таным;

Оқушылардың ғылыми қоғамы "Таным"

   Мектептегі "Таным" оқушылардың ғылыми қоғамы 2012 - 2013 оқу жылы құрылды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А. Нұрлан. Оқу үрдісінің нәтижелілігін анықтайтын және қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі - дарынды балалармен жұмыс. Ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау  - мектептің басты бағыттарының бірі болып табылады.
   19 қыркүйек күні оқушылар ғылыми қоғамының отырысы өтті. Биология пәні мұғалімі биология ғылымының кандидаты Б.С. Ахметова оқушылардың ғылыми - зерттеу әрекетінде жеке бастың шығармашылық қабілетінен басқа төзімділікпен еңбекті ұйымдастыра білу қажеттілігін айтты. 2013 - 2014 оқу жылында оқушылар ғылыми қоғамы 4 бағытта жұмыс істейді.