Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Кері байланыс

Директор блогы

Бірлігі жарасқан ел

01.05.2019
Просмотров: 7
Елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!!! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!!! Біз, мектеп ұжымы, ортақ еңбегімізбен, бір мақсатпен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен еңбектеніп келеміз. Келешек ұлт жанашырларын дайындауда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлікте,
Толығырақ >>

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

21.03.2019
Просмотров: 18
Құрметті, ұстаздар!!! Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып түлейтін әз–Наурызбен шын жүректен құттықтаймын. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті-Наурыз мерекесі әр отбасына құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болып, ақ болсын!
Толығырақ >>

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні!

07.03.2019
Просмотров: 17
Құрметті, ұстаздар!!! Сiздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып,  шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімді жолдаймын.
Толығырақ >>

Құрметті ата-аналар!

25.07.2018
Просмотров: 102
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19  қаңтардағы  № 127  қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы10  мамырдағы № 254  қаулысына сәйкес: 8-тармағы бойынша баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері оқу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар; 10-тармағы бойынша бастауыш білімнің жалпы білім
Толығырақ >>

Ана-өмір шуағы

02.03.2018
Просмотров: 98
Ана – асыл жан. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болмауы мүмкін емес. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі–8 наурыз отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің әріптес әжелеріміз, аналарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымыздың мерекесі. Басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барша нәзік жандыларымызға әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпей,
Толығырақ >>

Бірлік бар жерде - тірлік бар

01.05.2017
Просмотров: 180
    Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.     Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.     Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш
Толығырақ >>

8-наурыз мерекесі құтты болсын!

07.03.2017
Просмотров: 142
Құрметті аналар, апа-қарындастар, әріптестер!
Толығырақ >>

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

01.09.2016
Просмотров: 214
Сіздерді бүгінгі «Алғашқы қоңырау» мерекесімен құттықтаймын! Бүгін барлық мектептерде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды, барлық ата-аналарды ұстаздар мен оқушыларды білім күні мейрамымен және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұсындағы еліміздің басты мерекесінің бірі Конституциямыздың 21 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Және де биылғы оқу жылы ұстаздар мен оқушыларға сәтті болуына тілектеспін!
Толығырақ >>

Директор өмірбаяны

18.12.2015
Просмотров: 703
Жунусова Кусни Кияшовна 13.04.1963 жылы туған. Туған жері: Ақмола облысы, Жолымбет ауылы. Бітірген оқу орны: Целиноград педагогикалық институты 1980-1985 жылы. Педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл. Еңбек жолы:  - 1985 жылдан бастап комсомол комитетінің хатшысы;  - 1987 жылдан бастап  Ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарады; - 2010 жылдан бастап 2015 жылдың 15 желтоқсанға дейін №10 мектеп-гимназиясында  педагог ұйымдастырушысы, директордың тәрбие ісі орынбасары болып қызмет атқарған. - 2015 жылдың 15
Толығырақ >>

Құрметті ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар!

15.12.2015
Просмотров: 219
Сіздерді Тәуелсіздік күні мен шын жүректен құттықтаймын! Желтоқсанның екпіні мен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымызды ңәр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының арқасында қолжеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз.
Толығырақ >>