Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Мектеп туралы  > Кітапхана

№69 мектеп- гимназиясының кітапханасына қош келдіңіздер!

 Бұл жерде сіздер Астана қаласының Шығыс Ильинка  тұрғын алабында жаңадан ашылған зәулім мектептің кітапханасы туралы мәлімет ала аласыздар. Мектеп – білім ошағы болса, мектеп кітапханасы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орынның бастысы болып саналады. Біздің мектептің кітапханасы шаңырағынан күн сәулесі молынан түсіп тұратын бірнеше оқу залдары мен абаноменттен, интернет залынан тұратын үлкен ғимарат.
 № 69 Мектеп-гимназия  кітапханасының есептік көрсеткіштері:
1. Барлық қор (жалпы мектеп кітапханасының қоры) 28 971
Оның ішінде: Оқулықтар саны 26483
                     Көркем әдебиет саны 2491
2. Электронды оқулықтар саны (аудио,видео) 50 дана
Электронды көркем әдебиет саны 10 дана 

 Негізгі бақылау көрсеткіштері:

р/с

 

2012-2013 оқу жылында

2013-2014 оқу жылында

1

Оқырман саны

935

1520

2

Кітапханаға келу саны

8329

12160

3

Кітап берілу саны

18010

24320

 Ел Президентінің «Қазақстан-2050» бағдарламасында: «XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да,сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы-кітапхананың алар орны ерекше.
 Кітап мұхитында бағыт табуға,әлемдік әдебиет сайтында бағдар іздеуге кім үйретіп, кім қол ұшын береді. Сөз жоқ кітапхана! Өйткені тек кітапхана-әрбір қоғамның мәдениетінің көрсеткіші, мінездемесі мен өмірінің бір көрінісі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады. Мектеп кітапханасы педагогикалық ұжыммен және мектептің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып, оқушылар арасында тәрбие жұмысын жандандыру арқылы оқушылардың жеке бастарының білімін тереңдету, қоғамға пайдалы азамат болып өсулеріне жағдай жасау үшін ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді.
 Кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптар кітап көрмелері арқылы және библиографиялық көрсеткіштер арқылы насихатталып отырылады.
            

            
                                                                             Оқу  залы 
           
                                   «Қазақ прозасы қазынасынан» атты кітап көрмесі.
 

                            «...Артық білім кітапта» атты тақырыптық кітап көрмесі.
           
                        «Ертегі оқып өсемін...» атты балаларға арналған кітап көрмесі. 
           
          «Менің оқыған кітабым» атты конференцияда кішкентай оқырманымыз анасымен бірге
           
                                              Мектеп кітапханасының жұмысының мақсаты:

  Кітапхана оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

   Кітапхана — ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы . Әсіресе, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың қосар үлесі зор. Соның ішінде мектеп кітапханасы — оқушыға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсіби өсуін көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары

Саяси-идеологиялық бағыттағы жұмыстар.
Жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында туған өлке туралы білімін кеңейту. Ондағы мақсат ғасырлар бойы қаcтер тұтып келген ар –намыс, ождан имандылық, инабаттылық, ата-анаға, отанға, туған өлкеге, туған елге, жерге, тілге, дінге сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіру.

Кітапханашы жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педагогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, творчестволық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Кітапхана балалардың қоғамдық ұйымдарымен тікелей байланыста болуы керек.Сондықтан әрбір кітапханашы өз міндеттерін түсініп оқушылардың жүйелі түрде кітап оқуларына басшылық жасап отыру керек.