Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Тәрбие процесі  > Ата - аналар жұмысы

Ата - аналар жұмысы

     2015 – 2016 оқу жылында №69 мектеп – гимназиясында аналар кеңесі мен әкелер кеңесі құрылды. Аналар кеңесінің төрайымы – Ижанова А.Б., әкелер кеңесінің төрағасы – Жунусов Б. Жаңа оқу жылына жылдық жоспар құрылды. Аналар мен әкелер кеңесінің мақсаты – мектеп дәстүрлерін дамытуға көмек көрсету, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларын өткізуге ықпал ету. Аналар кеңесінің мәжілісі айына 1 рет өткізіледі. Қыркүйек, қазан айларында «Менің мәдениетім», «Қыздар - аналар» атты әңгімелесулер өтті.

 
 

  Қараша айында мәжіліс залында аналар кеңесінің ұйымдастырылуымен, қыздардың қатысуымен «Қыз қылығымен ардақты» атты сұхбат өтті.
  Мектеп психологы Ш.С. Омарова «Құқық» күніне арналған «Отбасы балаларды қауіпті мінез – құлық модельдерінен сақтай ала ма» атты ата-аналардың қатысуымен тренинг өткізді.
   Тренингтің мақсаты: 1) ата-аналарға психологиялық тұрғыдан салауатты тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға әсер ететін, өмірде және отбасында нақты мінез – құлық қағидасын орнатудың маңыздылығын көрсету; 2) баланың зиянды заттардың дәмін татып жүргендігін куәландыратын белгілерге ата – аналардың назарын аудару.