Меню KDT
МЕНЮ

Негізгі бет  > Оқушыларға  > Әлем кереметтері

Әлемнің жеті кереметі

Гизадағы Хеопс пирамидасы

  Ерте замандағы шеберлердің қолдарынан шығып, бізге дейін жеткен жалғыз жәдігер. Төрт мың жыл бойы адамдарды таңғалдырып келген әлемдегі биіктігі 147 метрге жететін ең биік ғимарат. Пирамиданы Ніл өзенінің батыс жағалауына 4-ші династияның екінші басқарушысы перғауын Хуфу салғызды. Хуфу Мысырды шамамен  біздің эрамызға дейінгі 2551-2528 жылдар аралығында басқарып, пирамиданы өзінің моласы есебінде салғызған.
  Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн тонна, 2 млн куб блоктан тұрады. Көлемі жағынан 5,15 гектар жерді алып жатыр, бұл 200 теннис кортына тең. Хеопс пирамидасы орналасқан жерге Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді.

Олимптегі Зевс мүсіні


Б.э.д 433 ж мүсінші Фидий гректердің ежелгі жоғарғы құдайы Зевстің таңғаларлық мүсінін аяқтады. Олимптегі арнайы салынған шіркеудің ішіне орнатылған бұл мүсін орасан зор.  Биіктігі 13 метр болды. Фидий мүсінді сегіз жыл салған.

 Фидий Зевсті тақта отырған кейіпте бейнеледі. Және оның бойына адамгершілік  қасиеттерді енгізу  көптеген келушілерді  нағыз тірі құдайды көргендей сезімде қалдырды.
 Зевстің шіркеуі б.э.д 466-456 ж.ж салынған. Оның ар жағында он үш бағаннан, алдыңғы және артқы қабырғалары жағында алты бағаннан болған. Сәулетші құрылыс жұмысына әктасты пайдаланды. Сыртын әуелі гипспен сосын мрамор және алтын тақталармен қаптаған.
 Мүсіннің оң қолында Ника жеңістің қанатты құдайы ал сол қолында ұстап тұрған скипетрі түрлі асыл металдармен әшекейленген. Ал скипетрдің ұшында алтын бүркіт қондырылған. Басындағы тәжі зәйтүн ағашының бұтақтарынан алтын етіп жасалынған.

Галикарнастағы Мавзолей

 Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикранастағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірінің қызметін атқарған. Ол б.э.д 4-ғасырда Түркияның оңтүстік- батысындағы мемлекеттің ең басты тұлғасы – патша Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған. Ең жақсы сәулетшілер таңдап алу нәтижесінде бұл ғимарат жоғары даңққа бөленді.
 Мавсол өлгеннен кейін б.э.д 353 ж құрылыс жұмысын билік тізгінін өз қолына алған әйелі Артемисия басқарды. Артемисияның өзі де құрылыс аяқталмай тұрып өлген, бірақ өз даңқтарын мәңгі қалдыру мақсатында мүсіншілер жұмысты аяғына жеткізу керек деп шешкен. Мавзолей Хеопс пирамидасынан басқа, әлемнің кейбір кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды.

Вавилонның аспалы бағы 


 Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды таңқалдырып келді, бірақ оның өмірде болғаны туралы ешқандай дәлел жоқ.
 Дәстүрге байланысты бақ патша ІІ Навуходоносордың бұйрығымен салынған. Тарихи деректерге қарағанда Навуходоносор б.э.д 562-605 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Аңыздарда ол Аспалы бақты өзінің әйелі Амитис патшайымының  құрметіне  салғызған.
 Бақтың әр жағы төрт плетронға тең болған. Плетрон- гректердің ұзындық өлшемі, ол 30,8 м-ге тең, олай болса бақтың ауданы 123,2 квадрат метр болған.

Родос алыбы 

 Б.э.д 304 ж Родос аралының тұрғындары жойқын шабуылдан құтқарылды, бұл соңғы 30 жылдың ішіндегі үшіншісі еді.
 Биіктігі 32 метр Алып деп аталатын қола мүсінді салу жұмыстары б.э.д 292 ж басталып 12 жылға созылды. Алып басқа әлем кереметтеріне қарағанда ең аз мерзім  небәрі 60-ақ жыл тұрған. Ол б.э.д 226 ж қатты жер сілкінісінің  нәтижесінде жерге құлап қираған. Қираған қалдықтары б.э.д  654 ж дейін құлаған орнында жатқан.
 Тарихшы Страбонның айтуынша, мүсінді салуға 500 талант қола және 300 талант темір жұмсалған.

Александрия маягы

 Александрия маягы керемет көрініс болды. Ол түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтандырып тұратын. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.
 Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.э.д 332 ж қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Б.э.д  229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастады. Бұл 20 жыл мерзімге созылды. Биіктігі 124 метр Фарос жүз жылдар бойы теңізшілерге жол көрсетіп, оларға қауіпті су асты құздары туралы ескертіп тұрды.  Бір ғажабы  ол қазіргі кездегі Йокогамадағы биіктігі 106 м маяктан да биік болған.  

Эфестегі артемида ғибадатханасы  

 Әйгілі әлемнің жеті кереметінің қатарына енген Артемида ғибадатханасы Эфестегі бірінші ғибадатхана емес, бірақ басқаларынан әдемі. Қазіргі Туркияның батыс жағалауында кіші Азия деп аталатын жерде  Эфес ең бай қаланың бірінде орналасқан. Бұл ғибадатхана құнарлылық құдайы Кибела арнап жасалған б.э.д 850 ж салынған. Ол бірнеше рет жөндеуден өткен.  Лидии патшасы Крез өз қаражатына салғызған.  356 ж Геростад атты ақыл есі кем адам ғибадатхананы өртеп жіберген, ал кейіннен орнына басқа ғибадатхана салынған. Артемида ғибадатханасы өте үлкен соншалық әдемілігі, адамдар көргенде мүлде басқа күй кешкен деп айтылады.
 Құрылысы.  Артемида мүсіні ғибадатхананың ортасында жоғарыда орналасқан, жан-жағында факелдар жанып тұратые болған, түскен жарық келушіленрге керемет әсер қалдыраған.  Мүсіні алтын және піл сүйегінен жасалған, биіктігі 15 метр. Сыртында адамдардың суреттері салынған. колонналардың биіктігі 18 метр болған. Қоршап тұрған колонналардың саны 127. Жанында көпестердің шағын базары болған. Сыртқы кірпіштері ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Артемиданың құрметіне ғибадатхананың  алдында үлкен фестивальдар өткізіліп тұрған. Бай адамдар құрбандыққа асыл металдар, тастар , маталар, түрлі тағамдар алып келетін болған.

Қазақстанның жеті кереметі

Бекет ата



 Бекет ата
 - ескерткіш ғимараттары - МаңғыстауҮстіртЖем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.
 Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бүл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы  жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген.

Ахмет Яссауи кесенесі



 Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектура-лық ғимаратҚожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
 Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
 Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.
 Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды.

Сауран



 Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып,ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.

Шерғала



Шерғала - VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Қамал-тау арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “Арыстан–қала” деп атап кеткен болатын.  Шерғала (Шерқала) – Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған тау. Бір жағынан қарайтын болсақ тау ақ киіз үйді білдіреді, ал екінші жағынан Шерғала басын табанына салып, ұйықтап жатқан арыстанның бейнесін береді. Сондықтан тауды – Шерғала деп атап, түрік тілінен аударсақ “Тау-арыстан” немес “Арыстанды тау”.  Оның әйгілі шыңдары үлкен шатыр құрып, кигіз үйдің төбесіне еске түсіреді. Оның үстіне көтерілу үшін арнайы көтерілім қажет. Шерқаланы айналу үшін бір сағаттай уақыт керек. Ал егер көптеген тау үңгірлерін аралап, ежелгі қоныстар орындарын аралап, өркениеттер дәлелі болатын бас сүйектерді іздегіңіз келсе онда бір сағат аз болады. Халықтың ырымы бойынша егер Шерқалыны айналар алдында арманды жоспарласаң, ол міндетті түрде орындалады. Бірақ ең бастысы әрбір қийылыстан кейінгі көрініс әр түрлі болып, жаңа жерге түскен сияқты керемет көріністі әсер береді.  Осындай бір үңгірлердің ішінде құдық болған. Жергілікті тұрғындар оның таза суын ішіп, таудың басында орналасқан жаулардан қорғанды. Қазір құдық жабылып қалды. Біз оның тек қалдықтарын ғана көре аламыз.  Ол Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды. 

Қарақия



 Қарақия - Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.
 Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның аты – Батыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер  пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады.
 Қазақстан ғалымдары бірнеше жылдар бойы зерттеулер жүргізген. Қарақияның сусыз ойпаты жауын бұлтының табиғи генераторы болған. Нәтижесінде жаздыгүні ойпаттың үстінде бірнеше шақырымға созылған жауынды бұлттар жиналатын болған. Мұны жерасты бақылаулары мен космостан алынған спутникті фотосуреттер көрсеткен.

Қаратау жотасы 



 Қаратау жотасы – Маңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары. Батыстан шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Батыс Қаратау және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Шығыс Қаратау жотасында орналасқан Бесшоқы тауы (552 м).  Үстіртті келген тау беткейлері сай, жыра, шатқалдармен тілімденген. 
 Пермь кезеңінің метаморфтанған құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Беткейінде жусанқараған, етегінде тасбұйырғын өседі. Аңғары – жайылым. Тау баурайларында бұлақтар (Сарыбұлақ, Жаманүшқұз) бар. Қаратау жотасының жер қойнауында темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдың мол қоры барланған. Батыс және Шығыс Қаратау аралығында Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылы орналасқан.

Бәйтерек 


 Бәйтерек–Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. 
 Металлданәйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бір.